
ERTIS TAŃY
Ұзақтығы – 2 сағат
Эфир уақыты – аптасына 5 рет
Жанры – ақпаратты-сазды
Хабардың тілі: қазақша,орысша
Бағдарламаның әр саны нақты бір тақырыппен шығады. Хабардың негізгі мақсаты көрермендерге ертеңгілік көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Хабар барысында тақырыптық сюжеттер көрсетіліп, «Жұлдыз жорамал», «Атаулы күндер», «Таңғы жаттығу», «Заңгерлік кеңес» сынды айдарлар беріледі. Студияға тақырып бойынша сол саланың мамандары, немесе қаламызға, елімізге белгілі өнер адамдары, спорттық сайыстарда топ жарып жүлдемен оралған спортшылар, заңгерлер, қарапайым еңбек адамдары қонаққа келіп белгілі уақыт аралығында сұхбат береді. Бағдарлама барысында тақырыптық сюжеттер де беріледі.