ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҰСТАЗДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ

20:50, 14 мамыр 2021

Бүгін Павлодарда Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары еселі еңбек еткен ұстаз, Кеңестік Социалистиік Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Бақыт Субековаға арналған мемориалдық тақта ашылды.

Бақыт Субекова еңбек жолын 1942 жылы Екібастұз қаласынан бастаған. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып еселі еңбек етті. Өмірінің жарты  ғасырын ұстаздық жолға арнаған мұғалімге арнап мемориалдық тақта ашылды. Шараға қала әкімдігі мен ардақты ұстаздың жақындары жиналды.

Баян Субекова, Бақыт Субекованың келіні:

Мына тақтада тұр ғой, қандай адам екені. Өте жұмысына талапты, өте жұмысына берілген, ерте ме кеш пе жүріп жұмысын істей береді. 50-60 жыл жас ұрпаққа тәрбие берді. Жас ұрпақ пен бірге мені де тәрбиеледі. Ол кісі бауырларына сондай қамқорлықтанытып, барлығын бір шоқтық қылып ұстайтын.

Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына Бақыт Қуанышқызының шәкірттері де келді. Ұстазы жайлы ескірмес естелікпен бөлісіп, сағынышпен еске алды.

Самал Әубәкірова, №43 мектеп мұғалімі:

Бақыт Субекова менің балалық шағымның ұстазы. Бізге қазақ тілінен сабқа берді. Ол кісінің бейнесі әлі көз алдымда. Киген киімі, сөйлеген сөзі, берген сабағы, тәрбиесі бізге өмірлік сабақ болып қалды. Бүгін мен үшін сондай ерекше күн. Көзіме жас алмай бұл кісіні еске ала алмадым.

Халық арасында абыройлы ұстаз бола білген Бақыт Субекова «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының қажырлы еңбегі үшін» медалімен, қазақ Кеңестік Социалистік  Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі атағына ие болған. Ұлағатты ұстаздың есімін ұлықтау жолында ашылған  ескерткіш тақтаға гүл шоқтары қойылды.

 

Бақытнұр Бейсенбай

Тақырып бойынша материалдар

Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
18:41, 10 маусым 2021
Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
Толығырақ...
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
18:28, 17 мамыр 2021
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...