ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҮШ ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІ ТАЛҚЫЛАУ БАСТАЛДЫ

13:29, 23 сәуір 2021

Биыл республикалық бюджеттің кірісі де шығысы да артады. Бұл туралы мәжілісте өткен жиын барысында белгілі болды. Қазір депутаттар 2023 жылға дейінгі республикалық бюджетке түзетулер енгізгелі жатыр. Құжатты талқылауға мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйым өкілдері және партиялық кеңес мүшелері де қатысты.

Заң жобасында әуелі «Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасы мен Мемлекет Басшысының жолдауларында айтылған басым бағыттарды іске асыру жоспарланған. Сондай-ақ, қосымша қаражат коронавирустық инфекциямен күресуге бағытталады.

Төлеутай Рахымбеков, ауыл партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Менің ойымша бүгін партияаралық кеңес тиімділігін көрсетті. Мәжіліске кірмеген партия өкілдері де құжатқа қатысты ойларын айтуға мүмкіндік алды. бюджетті бекіткеннен кейін оның орындалуына бақылауды күшейту керек. Барлық операциялар Парламенттің жіті назарында болғаны дұрыс.

Болжам бойынша биыл бюджет кірісі 1,1 трлн теңгеге ұлғайып 12,6 трлн теңгеге жетеді. Ал шығыстар 1,3 трлн теңгеге өсіп, 15 трлннан асады. Талқылауға қатысқандар шығындарды азайтудың жолдарын қарастыруды талап етіп отыр.

Айқын Қоңыров, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:
Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар кеңес алу, өз өзін жарнамалау, PR деген шаруалардан үнемдеуді жоспарлады ма? Бізге ұсынған құжаттарда ондай ақпарат мүлдем жоқ. Халық арасында өзіңді танытқың келсе, жақсы жұмыс істе. Бұқараның тұрмыс деңгейін арттыруға тырыс.

Ал, Азат Перуашев ұлттық банктен базалық мөлшерлемені 5 пайызға дейін төмендетуді сұрады. Сонда несиелендірудің пайызы түсіп, қарыздарды жабу біршама жеңілдемек. Мұндай қадамға көршілес елдер барған, тәжірибелері бар.
Жандос Шаймарданов, ҚР ұлттық банкі ақша-кредит саясаты департаментінің директоры:

Былтыр инфляция 5 тен 7,5 пайызға дейін өсіп кетті. Егер біз базалық мөлшерлемені төмендетсек Екінші деңгейлі банктер депозит пайызын да сол мөлшерге дейін түсіреді. Яғни, ақшаны депозитке салғаныңмен ол құнсыздануын тоқтатпайды. Мұндай жағдайда банктер бизнесті де тұрғындарды да несиелендіре алмайтын жағдайға жетуі мүмкін.

Бұл, бюджет бағамдалған алғашқы жиын. Қатысушылардың ұсыныстары ескеріле отырып, жалпы отырысқа дейін заң жобасы әлі бернеше рет сүзгіден өтеді.

Тақырып бойынша материалдар

Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
18:41, 10 маусым 2021
Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
Толығырақ...
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
18:28, 17 мамыр 2021
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...