ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ТҮРКИЯДА 1 МАМЫР ТОЙЛАНБАЙТЫН БОЛДЫ

20:23, 30 сәуір 2020

Иә, әлемді әбігерге салған пандемия әлегі көптеген мерекелердің кең көлемде атап өтілуіне кедергі келтіруде. Біздің елдегі секілді бауырлас Түркия мемлекетінде де биыл 1-мамыр мерекесі тойланбайтын болды. Анадолы еліндегі жағдай туралы Анкарадағы Ұлттық арнаның меншікті тілшісі Айдос Әшім тікелей эфирде айтып береді.

Айдос Әшімұлы, Қазақстан Ұлттық арнасының меншікті тілшісі:

Иә, әлемнің бірқатар елдеріндегідей 1 мамыр Түркияда да мемлекеттік мереке. Еңбек және ынтымақ күні. Бұл күні әдетте әртүрлі кәсіподақ өкілдері бейбіт демонстрациялар ұйымдастырып, алаңдар мен көшелер адамдарға толы болатын. Бірақ биылғы жағдай мүлде басқаша. Коронавирустың кесірінен ертеңнен бастап ел аумағында үш күн бойы көшеге шығуға тыйым салынған. Ел Президентінің жарлығымен үш аптадан бері әр сенбі жексенбі және мереке күндері осылай коменданттық сағат жарияланады. Бұл күндері себепсіз көшеге шыққандарға 3150 лира яғни екі жүз мың теңгеге жуық айыппұл салынады. Ал енді елдегі жалпы вирустың таралуы туралы айтар болсам, бүгінге дейін Түркияда 117 мыңнан аса адам короновирус жұқтырған, үш мыңнан аса адам осы науқастан қайтыс болды. Ал жазылғандардың саны 44 мыңнан асады. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы үш-төрт күнде вирус жұқтырғандарға қарағанда жазылғандар саны артып келеді.

Тақырып бойынша материалдар

Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
18:41, 10 маусым 2021
Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
Толығырақ...
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
18:28, 17 мамыр 2021
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...