ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ТАС ЖОЛДЫ ТАЗАЛАУ БАСТАЛДЫ

12:25, 26 қараша 2020

Өңірде республикалық маңызы бар тас жолдарды қардан тазарту жұмыстары басталды. Жалпы облыс бойынша республикалық бағыттағы автожолдарды тазарту жұмыстары қалай жүзеге асырылады? Бұған қанша техника жұмылдырылмақ? Аталмыш секторға жауапты мамандар биылғы маусымға дайындықтары туралы айтты.

Облыс бойынша республикалық маңызы бар 1600-ден астам шақырым тас жол бар. Оның 1588 шақырымына «Қазақавтожол» ұлттық компаниясы жауапты. Қыс мезгілі басталысымен керек-жарақтарын сайлап жолға шығады. Атап өту керек Нұрсұлтан-Павлодар бағытындағы автожолды тазалауға Ленин кенті маңындағы №61 жол-пайдалану басқармасы міндетті. Мұнда 7 бірлік техника бар.

Ерлан Рысбеков, «Қазақавтожол» ҰК облыстық филиалы басшысының орынбасары:

Осы участкеде 7 техника бар. Қысқы техника. Оның ішінде жылдам техникасы бар. Сосын автогерлері бар. Погрузчиктар бар. Оның бәрі түнде, күнде жұмыс істеп отырады.

Жоғарыда айтылған техникалардың мүмкіндігі мол. Қарды тазалайды, тас жолдың беткі қабатын сыпырады, тіпті құм, тұз сынды еріткіш заттарды шашады. Айта кету керек, сала мамандарының қызметі ауа райымен тікелей байланысты. Яғни, жер бетін ақ ұлпа басысымен тынымсыз тірлікке кіріседі.

Зұлқарнай Ермұратұлы:

Павлодар облысы бойынша Республикалық маңызы бар тас жолдарды тазалайтын 103 ауыр техника бар. Оның 80-і Қазақавтожолдың қарамағында. Ал, қалған 20-сы жалдамалы көліктер. Сонымен қатар, түрлі құрылғылармен жабдықталған 34 бірлік ауыр техника бар. Ал, қызметкерлер болса екі ауысыммен жұмыс жасайды.

Иә, қар қалың түссе ауыр техниканы тізгіндеген шопырлар күніне 8 сағаттан екі ауысыммен жұмыс істейді. Себебі, тұрғындардың емін-еркін жүріп тұруына қолайлы жағдай жасау біздің негізгі міндетіміз,-дейді жүргізушілер. Қытымыр қыстың қатқыл қабағына қарамай, жолдың жолағыш ашатын бұл кісілердің еңбегі елеуге тұрарлық.

Мақсат Саматов, көлік жүргізушісі:

Мына жұмысты енді атқарып жатырмыз, күн болсын, түн болсын. Боран кезінде шығып жол тазалаймыз. Сол жол ашық болсын, соғам мәз боламыз. Енді біз таңертеңнен кешке дейін істейміз. Боран болса онда күнде істейміз, түнде істейміз. Пока жол ашық болғанша.

Сонымен қатар, қандайда бір оқыс оқиғалар туындаған жағдайда қол қусырып отырмайды. Төтеншеліктермен тығыз байланыста.

Ерлан Рысбеков, «Қазақавтожол» ҰК облыстық филиалы басшысының орынбасары:

Мысалы былтыр қыс мезгілінде қар қалың түсті. әдеттегі нормадан екі есе көп болды десек те болады. Сондықтан біз Төтенше жағдайлар департаментімен, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнатамыз.  Мұндай жағдайда шешімді әріптестерімізбен бірге шығарамыз.

Бұдан бөлек, жаз мезгілінде де жай жатпайды. Жалпы жауапты жолдың жай-жапсарын бақылайды.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
18:41, 10 маусым 2021
Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
Толығырақ...
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
18:28, 17 мамыр 2021
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...