ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

САПТАҒЫ САРБАЗДАР ӘН ШЫРҚАДЫ

13:31, 21 мамыр 2021

Павлодарға елордадан саптағы сарбаздар концерттік бағдарламамен табан тіреді. Ертіс-баян өңіріндегі өнер сүйер қауымның назарына патриоттық бағыттағы әндерін ұсынып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Шекара қызметінің ансамблі 1968 жылы құрылған. Биыл 53 жылдық мерей тойы. Өнер ұжымының құрамында бірнеше топ бар.

Дархан Қамаш, ҚР ҰҚК шекара қызметі ансамбль бөлімінің әншісі:

Ансамбльдің құрамына келетін болсақ, құрамында фольклорлық-этнографиялық топ бар. Бишілер тобы бар. Әншілеріміз бар. Бұйырса қазір мынау қорытынды концертімізде ансамбліміздің өнерін тамашалайсыздар.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің мамандары зейнет жасындағы әріптестерін ұмытпай, мереке, жиындарға шақырып отырады. Солардың бірі Бақберді Абыраев. Зейнеткерлікте болса да қоғамдық шаралардан қалыс қалмайды.

Бақберді Абырайев, шекара қызметінің ардагері:

Бәріне қатысып, ақылымызды айтып, қоян қолтық жұмыс істеп жатырмыз. Енді олардың мен құрметті зейнеткерімін. Күнде хабарласамыз. Қазіргі бастықтармен де таныспыз. Қоян-қолтық жұмыс істеп жатырмыз. Бүгін міне шекара ансамблі келіп мәдени концерт берейін деп жатыр.

Айта кету керек, шекара қызметіні ансамблі бұған дейін еліміздің Шығыс өңірін аралап концерт берген. Ал, Павлодар жеріндегі шара сапарларының соңғы нүктесі болмақ. Алдағы уақытта көрермендерін тағы да қуантуды жоспарлап отыр.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
18:41, 10 маусым 2021
Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
Толығырақ...
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
18:28, 17 мамыр 2021
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...
ҰСТАЗДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ
20:50, 14 мамыр 2021
ҰСТАЗДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...