ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Отбасы күні тойланды

21:15, 16 мамыр 2022

Павлодарлықтар отбасы күнін ерекше атап өтті. Орталық жағалауға 250-ден астам адам жиналып, отбасылық эстафетаға ат салысты. Шараға қатысушыларға естелік сыйлықтар да табысталды.

Қатысушылар отбасы күніне арналған шараны дәл осындай көңіл-күймен бастады.  Құлаққа жағымды әуен, түрлі спорттық жаттығулар әр азаматқа шабыт бергені белгілі. 

Ольга Бульба, ұйымдастырушы:

Қазақстан халқы отбасы күнін атап өтуде.  Осынау көңілді мереке қарсаңында тұрғындарды жинап,  жүгіруден дарыс өткізіп жатырмыз. Бұл бір жағынан салауатты өмір салтын насизаттауға септігін тигізеді. Бұл біз үшін өте маңызды. 

Ер адамдар өзара 4 шақырымды бағындырды.  Ал, нәзік жандылар үшін 2 шақырым қарастырылған.  Ал, балалар 500 метрге жүгірді.  Қатысушылар  бұл шараға ұзақ уақыт дайындалғандықтарын айтады. 

Болат Ардабаев, қатысушы:

Біздің жаттықтырушыларымыздың арқасында шараға тыңғылықты дайындалдық.  Жеңіс тұғырынан көрінеміз деген ойдамыз. 

Облыс орталығында ұйымдастырылған шараға балалар да белсенді ат салысты.  Ең кіші қатысушы 4 жаста. 

48 қатысушы әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды. Ал, жеңіс тұғырынан көрінгендерге фитнес залға 1 жылдық абонемент берілді.

Бұдан бөлек, басқа да қатысушылар құр алақан қалмады.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы,  Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар