ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАДА ПТР-ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

19:16, 3 желтоқсан 2020

Елдегі жағдайға байланысты ПТР-зертханалардың қажеттілігі арта түсті. Осыдан бірнеше күн бұрын Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада ПТР-зертхана жұмысын бастады. Онда тәулігіне 300-ден аса адамнан сынама алуға болады.

Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада ПТР зертхана осыдан 2-3 күн бұрын жұмысын бастады. Осы уақыт ішінде бұнда 90-ға жуық сынама зерттеуден өтті. Зертхана қажетті құралдармен, аппараттармен толықтай жабдықталған. Ал, жұмыс істейтін мамандар арнайы оқудан өткен, деді серология бөлімінің меңгерушісі.

Баян Шахмарданова, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың серология зертханасының бөлім меңгерушісі:

Мамандар арнайы оқу курсынан өтті. Қазір 7 дәрігер, 7 зертханашы жұмыс істейді. 376 нәтиже бере алады. 8 сағттың ішінде. Ашылғанан бері 90 анализ істедік.

Айта кетейік, зертханаға облыстық ауруханаға шұғыл түскен, көрсеткіші бар науқастардың және инфекциялық ауруханадан келген талдауларды қабылдап жатыр. Алдағы уақытта зертхана келесімшарт бойынша жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Дәрігерлер өз кезегінде ПТР-тест тапсыру үшін алдын ала дайындық керек екенін жеткізді.

Баян Шахмарданова, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың серология зертханасының бөлім меңгерушісі:

Ол үшін аш қарынға нәтиже, үш сағат тамақ ішпеу керек. тамақтан және мұрыннан алынады. Бұл кезде тамақ, су, сағыз шайнауға болмайды, тіс тазалуға болмайды. Соратын дәрілерді қабылдауға болмайды.

Бұл жерде ПТР-тесттің нәтижелері қолға берілмейді. Электронды нұсқа ретінде сақталады.

Баян Шахмарданова, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың серология зертханасының бөлім меңгерушісі:

Ешқандай нәтижелер қолға берілмейді. Бәрі электронно жеке кабинетте, не ауруханалардыңғ кмис жобасы бойынша жіберіледі.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Павлодар облысында  6 ПТР зертхана жұмыс жасап тұр. Осылайша олар тәулігіне 3 мыңнан аса зертттеу жасауға қауқарлы.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
18:41, 10 маусым 2021
Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
Толығырақ...
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
18:28, 17 мамыр 2021
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...