ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

10:47, 10 қаңтар 2020

Өңірімізде жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс депутататтарының бір тобы кәсіпкерлер үйінде шағын және орта бизнес өкілдерімен жүздесті.

Кездесуде кәсіпкерлер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, бірқатар мәселелерді  талқыға салды. Кәсіпкерлер үйінде инвестициялық фронт-кеңсесі жұмыс жасайды. Бұл жоба инвесторлар үшін «бірыңғай терезе» қағидасы бойынша қызмет атқарады.

Мейрам Пішембаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Әрбір кәсіпкер келген кезде, осы бір жерден өзінің мәселелрін шешіп, көп уақытқа созбай, ары қарай ісін асыруға үлкен мүмкіндік. Павлодар облысы Кәсіпкерлікті дамыту саласында мемлекетте алдыңғы қатарында.  Бұған дәлел ауыл шаруашылық өндірістің дамуы. Жалпы өндіріс алдыңғы қатарда.

Павлодар облысында 46 мыңнан астам шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істейді. Онда 135 мың адам еңбек етуде. Жиында осы саланың өзекті мәселелері қаралып, күрмеуі қиын түйткілдер ортаға салынды. Шараға аймақтағы  шағын  және орта бизнес өкілдері арнайы шақырылды.

Мейрам Пішембаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Кәсіпкерлікті даму 2020-2021 жылға дейін біздің мемлекетімізде 30% орта бизнестің көлемі болуы қажет. Сол көрсеткішке біз дақындап келе жатырмыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 28%. Орта бизнесті дамытып, алдағы уақытта 40%-50%- ға дейін жеткізсек, сол кезде экономикамыз дамып, халықтың әл-ауқаты, жағдайы да жақсарады.

Кездесуде кәсіпкерлер өздерін толғандырған сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Өнімді экспорттау және импорттау мәселесі қызу талқыға түсті.

Мүбарак Нәукенов, кәсіпкер:

Көптеген өнімдер елімізге импортталады. Ет өнімдері де. Біздің шаруа қожалық ет өнімдерін сатуда қиындыққа тап болып отыр. Бұл біз үшін үлкен мәселе. Тым болмаса, өз облысымызда, өз өнімімізді ұсынсақ.

Жиында барлық сұрақтарды тыңдаған депутаттар кәсіпкерлерге әрдайым қолдау көрсететіндігін айтты. Әрі бұл қойылған сауалдардың оң шешілуіне ықпал ететіндігін жеткізді. Қазіргі күні аймағымызда шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Сондықтан, бұл сала үнемі бақылауда. Тиісті шараларда қолға алынады.  

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
18:41, 10 маусым 2021
Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
Толығырақ...
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
18:28, 17 мамыр 2021
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...