ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚОНЫС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

14:56, 18 желтоқсан 2019

Ұлық мереке қарсаңында Сарыарқа мөлтек ауданындағы 30-шы үй, Расковая көшесі 2 бөлшек 1 мекен жайындағы көп қабатты тұрғынді үйдің кілттері салтанатты түрде табыс етілді. 9 қабатты 72 пәтерлі тұрғын үй бір жылға жетер жетпес уақытта бой көтерді.

Әйгерім Бозанбаева, тілші:

Павлодардағы «Сарыарқа» ауданындағы тағы бір көп қабатты тұрғын үй қолданысқа берілді. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 70-тен астам отбасы «7-20-25» бағдарламасы бойынша армандаған өз пәтерлеріне қол жеткізді.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тұрғындарға 9 қабатты тұрғын үйдің пәтер кілттерін  облыс әкімі Болат Бақауов салтанатты түрде табыс етті. Жаңа баспанаға ие болғандардың ішінде мұғалімдер, банк және зауыт қызметкерлері бар. Салтанатты рәсімнен кейін облыс әкімі тұрғын үймен танысып, баспаналы болып жатқан ақсақалдың шаңырағын құттықтады. Баспаналы болып жатқан балалары үшін қуанышты екенін жеткізді.

Қадыр Әжімұратұлы, Аққулы ауданының құрметті азаматы:

Біз өмірді көрдік, ендігі жақсылықтың барлығы жастарда болсын. Солар адам болсын. Соларға ғұмыр тілейік. Мемлекетіміздің қамқорлығына көптен-көп рахмет.

Баспанаға қол жеткізгендердің бірі –Тоқтар Өміртаевтың отбасы. Осыған дейін ол Ресей астанасы Мәскеу қаласында білім алыпты. Жолдасы екеуі 3 жыл бойы қаржы жинап, армандаған 3 бөлмелі пәтерге ие болды.

Тоқтар Өміртаев, зауыт қызметкері:

Павлодарға келгелі, үш болды ғой осы, 3 жылдың ішінде армандаған пәтерімізге қол жеткізіп отырмыз. Мінекей, жастар жылы 2019 жылы, осы жастар жылының қарсаңында, Тәуелсіздік күніне орай, 3бөлмелі үйіміздің кілтін алып отырмыз.  

Екі подьезді тұрғын үйдің жалпы аумағы  - 5 мың шаршы метрді құрайды. Оның құрылысына 760 миллионға жуық қаржы жұмсалды.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
18:41, 10 маусым 2021
Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
Толығырақ...
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
18:28, 17 мамыр 2021
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...