ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ

11:53, 29 сәуір 2021

Биыл Шарбақты ауданында егіс көлемі ұлғайтылды. Осы ретте шаруа қожалықтарына мемлекеттен қандай көмек бар?

Шарбақты ауданындағы жалпы егіс көлемі 170 000 га құрайды. Оның 132000 гектары дәнді дақылдар. Елдімекенде өсімдік шаруашылығымен 134 шаруа қожалығы айналысады. Жауапты мамандар жанар жағармай бойынша мәселе жоқ екендігін алға тартты. Ауданға 2800 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген.

Сымбат Шахметова, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

Өткен жылы құрғақшылық, пандемия болды. Соған қарамастан шаруа қожалықтары жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Біз оларға мемлекеттік бағдарлама бойынша несие беру арқылы көмек көрсеттік. Жарма өнімдері Украина, Өзбекстан, Ресей мемлекеттеріне экспортталады.

Шарбақты ауданының шаруа қожалықтары техникалар паркін жаңартты. Мәселен, «Никром» қожалығының басшысы Валерий Сорокин өткен жылы өз қаражаты есебінен 15 млн.теңгеге егіс кешенін сатып алыпты. Оның айтуынша, бұл техника үш трактордың жұмысын алмастыра алады.

Валерий Сорокин, «НИКРОМ» ШҚ басшысы:

Жаңа техникаға ризамын. «Технолизинг» келісімін беріп, тракторды 5 жылға рәсімдеді. Мемлекет арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз етіп отыр. Бағалары қолжетімді. Егіс кешеніне 25% субсидия қайтарылды.

Сондай-ақ, шаруашылық мемлекет тарапынан гербицид, тұқымдарға субсидия алады. Валерий Сорокиннің айтуынша, бұндай қолдау болмаса, әлдеқайда қиын болар еді.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
18:41, 10 маусым 2021
Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
Толығырақ...
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
18:28, 17 мамыр 2021
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...