ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ

20:16, 28 сәуір 2020

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Айтулы күн біздің елде 2003 жылдан бері аталып өтіледі. Үкімет тарапынан еңбек қауіпсіздігі және адамдардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлініп, нақты шаралар жасалынуда. Облыста қандай жұмыстар жүзеге асырылуда?

Жыл сайын әлемде 2 миллионнан астам адам өндірісте көз жұмса, 12 миллионы түрлі жарақат алады. Өткен жылы Павлодар облысында  117 адам өндірісте зардап шексе, оның 10-ны қаза тапқан.  

Нұргүл Қайырденова, облыстық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіптік одақ төрайымы:

Біздің тарапымыздан ұжымдық келісімшарттардың жасалуына көп көңіл бөлеміз. Ол келісімшарттарға өз тарапымыздан сараптама жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Себебі осы келісімшартта жұмысшылардың барлық құқықтарының, мүдделерінің сақталуын міндетті түрде қадағалаймыз.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тарихы 1989-жылдан бастау алады. Елімізде айтулы күн 2003-жылдан аталып келеді. Қазіргі кәсіподақ қозғалыстары еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбек ақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді. Осы ретте облыстық салалық кәсіподақ та бірқатар жұмыс атқаруда.

Нұргүл Қайырденова, облыстық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіптік одақ төрайымы:

Біз, яғни салалық филиал осы төрайымдармен тікелей жұмыс жүргіземіз. Олардың ұйымдарында қандай проблемалық мәселелер туындап жатыр, қандай шешілмей жатқан күрделі сұрақтар бар? Соның барлығын анықтап, егер олар өз деңгейінде шеше алмай жатқанда, біз осы жұмыстарға өзіміздің үлесімізді қоса бастаймыз.

Нұргүл Қайырденованың айтуынша, биыл жұмыскерлерден шағым көп түспеген, дегенмен мүлде жоқ емес. 

Нұргүл Қайырденова, облыстық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіптік одақ төрайымы:

Бұндай жағдайларды ушықтырмау, басшылармен сөйлесіп, тез арада мәселелерді шешуге тырысамыз. Статистика бойынша, осынша мәселелерді шештік деп айта алмаймын. Себебі сотка дейін жеткізген шағымдар жоқ.

Қандай да бір сұрақтар, мәселелер туындаған жағдайда әр азамат Торайғыров көшесі 1-үй мекен жайындағы 305 кеңсеге немесе экранда көрсетілген нөмірге + 7 701 532 20 29 хабарласуларына болады.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
18:41, 10 маусым 2021
Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
Толығырақ...
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
18:28, 17 мамыр 2021
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...