ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

20:28, 2 желтоқсан 2020

Аққулы ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға мықтап ден қойылған. «Бизнес бастау» жобасы аясында білім алып, кәсібінен нәсіп тауып отырғандар қатары күннен күнге артып келеді. Солардың бірі Ақмарал Қалибек.

Ақмарал Қалибек ҚХР-нан көшіп келген. Атамекенге оралған соң қолдан келер өнерді дамытпаққа бел буған. Іле, аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы 1 ай көлемінде білім алып, бес жүз мың теңге көлемінде грантқа қол жеткізіпті. Қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып, шағын тігін цехін ашып отыр.

Ақмарал Қалибек, кәсіпкер:

Мемлекет тарапынан көмек болып, грант алып бізді бір ай ішінде оқытып, сертификат беріп, әкімшілік жағынан көмектесіп, біздерге осындай жұмыспен қамтулар бар. Қазақи менің немді дамытуға өз үлестерін қосты.

Ақмарал қазақи нақыштағы киімдерді тігумен айналысады. Егер уақыт бөліп отыратын болсаң, бір тапсырыс 2-3 күннің ішінде дайын болады - дейді.

Ақмарал Қалибек, кәсіпкер:

Қытайда жүрген кезімде, кішкентай кезімнен осы қызығушылығым болды қазақи өрнектерге. Кісілердің қолында үйрендім. Солай істеп жүрдім. Кейін айлыққа істедім.

Жас кәсіпкер алдағы уақытта бизнес ауқымын кеңейтіп, облыс көлеміне шығаруды жоспарлап отыр.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
18:41, 10 маусым 2021
Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
Толығырақ...
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
18:28, 17 мамыр 2021
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...