ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ ТОП БАЯНАУЫЛДА

11:50, 14 сәуір 2021

Өткен ғасырдың нәубетті жылдары ашаршылық пен саяси қуғын- сүргінге ұшыраған құрбандар жерленген зираттарды зерттеу мақсатындағы республикалық комиссияның облыстық экспедициялық зерттеу тобы өңірдің түкпір-түкпірін аралауда. Бүгін аталған делегация киелі Баянауыл өлкесіне ат басын тіреді. Қазір сол аймақта экспедициялық топпен бірге іссапарда жүрген әріптесім Гүлсара Мәлікова байланыста. Гүлсара сөз өзіңізде. Сіз эфирдесіз.

Гүлсара Мәлікова, тілші:

Қайырлы күн, Зұлқарнай! Дәл қазір біз Ескелдідеміз. Экспедициялық-зерттеу тобының қасиетті Баянауылға сапары әулие Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының аруағына тәу етіп, дұға бағыштаудан  басталды.  Ұлы ойшылдың да содыр саясаттың сойқанын көріп, зардабын шеккенін көзі қарақты көрермен жақсы біледі. Оған  «Бес жаста «бісмілла» деп жаздым иә хатты, бұл тағдыр жастай маған тиді қатты» деген кемеңгердің өз сөзі дәлел. Әмбебап тарихи тұлға дүниеден өткен соң  бассыздық тіпті өршіген.

1952  жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде «Көпеев ұлтшыл, діндар ақын»  деген қаралау мақаласы жарияланады.Іле –шала облыстық, аудандық партия комитеттерінің жиналыстарында шолақ белсенділер сөз сөйлеп, партияның үгіт-насихатынан гөрі аймақта діни наным сенім белең алып барады деп шулайды. Сол жылы 14 желтоқсанда мәшһүрдің кесенесі қиратылсын деген компартияның қаулысы шығады. Қазақ даласында бұрын соңды болмаған сұмдық оқиға зиратты құлатып, сүйекті қорлайды. Асыл мұрасын оқуға, насихаттауға тыйым салынады. Оған діншілдікке қарсы күрес деген саяси астар береді. Дәл қазір менің жанымда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шөбересі Әсет қажымұқанұлы тұр. Әсет аға, атамыз ашаршылықты болжвп айтып кеткен бе?

Әсет Пазылов, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шөбересі:

Мәшһүр Жүсіп бабамыз көп нәрсені айтып кетті, болжап кетті. Атамыз қазақ халқын тіршілік қамын жасауға шақырды.

Рахмет, аға.Экспедициялық топтың ендігі бағыты Баянауылдағы жазықсыз құрбан болған жандардың қорымы. Мендегі ақпарат әзірге осы.  Зұлқарнай сөз тізгіні өзіңізде.

Тақырып бойынша материалдар

Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
18:41, 10 маусым 2021
Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
Толығырақ...
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
18:28, 17 мамыр 2021
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...