ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БИЫЛ ӨРТ САЛДАРЫНАН 28 АДАМ ҚАЗА ТАПҚАН

19:43, 22 желтоқсан 2020

Қыс мезгілі төтенше жағдайлар көп орын алатын кез. Өйткені боранды, аязды күндер жиі болады. Ескертулер де жарияланып жатады. Құтқарушылар азаматтарға сол хабарламаны ескерулерін сұрайды.

«Павлодар облысында 15-20 м/с желдің ұйытқуы» дәл осындай хабарламалар 112 құтқару қызметінен әр байланыс нөміріне келіп отырады. Осылайша төтенше оқиғаның алдын алу мақсатында тұрғындарға ескертулер жасалады. 

Ернұр Өтегенов, ТЖД бастығы:

Бүгінгі күні дауылды ескерту бар. Бұл яғни Павлодар облысы бойынша бұрқасын күтілуде. Кеше де сондай жағдай болды. Солтүстіктен бастыстан жел оңтүстік батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Хабарламаны елемей жолға шыққандар қар құрсауында қалып жатады. Мәселен, төтеншеліктер осы айда жолда қалып қойған жүк көлігін жылыту пунктіне жеткізген. Сондай-ақ, тағы 16 адам құтқарылған.

Ернұр Өтегенов, ТЖД бастығы:

Жақында ғана 18 желтоқсан күні Ақтоғай ауданы Ақжол аулының маңайында 67 км аудан орталығында орналасқан 6 техника қар құрсауында қалып қойған, сондан біздің техникалар жіберіліп, және де жол тазалау техникалары жіберіліп, содан 16 адам құтқарылған болатын.

Жылыту маусымы басталысымен өрттің де шығу қауіпі жоғарылады. Себебі, пешпен жылынатын үйлер көп. Мұржалардың дұрыс тазаланбауы қызыл жалынның шығуына себеп. Сала мамандары биыл тілсіз жаудың құрбаны болған адам саны былтырғадан 2 адамға көбейгенін айтты.

Ернұр Өтегенов, ТЖД бастығы:

Өрт бойынша қазіргі жағдай бойынша 4 пайызға төмендеп отыр. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда. Жарақат алғандар саны 8 пайызға шығып отыр. Дегенмен де қаза тапқан адамдар саны 7 пайызға көбейіп отыр. Былтыр 26. Биыл 28 екі адамға көбейіп отыр.

Сақтанғанды сақтайды. Ереже сақталып, ескертулер ескерілсе төтенше жағдайлар да азаятыны анық. Айта кетейік, онлайн брифингте синоптиктер аязды күндер жыл соңына дейін сақталатынын хабарлады. Кей жерлерде түнде ауа температурасы 33 градусқа дейін төмендейді.

 

Гауһар МҰСА

Тақырып бойынша материалдар

Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
18:41, 10 маусым 2021
Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
Толығырақ...
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
18:28, 17 мамыр 2021
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...