ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ!

19:22, 16 ақпан 2021

Павлодарлықтарға скринингтен өту үшін 3 күн көлемінде төленетін еңбек демалысы беріледі. Денсаулық сақтау басқармасы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен аймақтық кәсіподақ орталығы ірі кәсіпорындардағы қызметкерлерді тексерістен өткізуді жүзеге асыру мақсатында меморандумға қол қойды.

Скринингтің үш негізгі міндеттемесі бар. Олар – сүт безінің ісігі, жатыр мойыны және колоректалдық ісік. Мамандардың сөзінше, қызметкерлер жұмысбастылыққа байланысты тексерістен өтуге уақыт тапайтын көрінеді.

Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау барқармасының басшысы:

Тұрғындар бұл тексерістерде жас ерекшеліктеріне байланысты өтуі керек. Олар орта жастағы адамдар. Барлықы ірі кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелерді, жеке-меншік компаниялардың қызметкерлері. Жартысынан көбін жұмыстан босатпайды. Сондықтан, біз жұмыс берушілермен қызметкерлерін босату мақсатында жұмыс жасаймыз. Басшылар үшін бұл жұмыс ұжымы, ал, біздер үшін аурудың алдын алу болып табылады. Тек осылайша ғана біз онкоаурулардың алдын ала аламыз.

Ақ халаттылардың айтуынша, Павлодар облысы Қазақстан бойынша онкоаурулардан көз жұмғандардың көшін бастап тұрған аймақ.

Динара Айтжанова, Павлодар облысы бойынша аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы:

Біз жұмыс бершілерге денсаулықты сақтау ең негізгі міндеттердің бірі екендігін түсіндіруіміз керек. Бұл көсіподақ қызметкерлері үшін маңызды миссия. Ал, екіншіден  - жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, жұмысшыларын скринингтан өту үшін жіберулерін сұраймыз. 

Жоғарыда аталған міндетті скринингтен басқа, қант диабетін, глаукоманы және артериялық гипертензияны анықтау үшін тексерілу маңызды. Сондай-ақ, жұмыс берушілер емханаларға тексеруден өтуге тиіс адамдардың тізімін ұсынатын болады. Мамандар ауруды емдеуден гөрі алдын-алу оңай екенін айтады, сондықтан скринингтен уақытында өткен дұрыс. Бұл бағытта барлық жағдай жасалып отыр.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Вероника Вишневская

Тақырып бойынша материалдар

Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
18:41, 10 маусым 2021
Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
Толығырақ...
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
18:28, 17 мамыр 2021
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...