ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады

18:41, 10 маусым 2021

Ақтоғай ауданының білім беру бөлімі "Каникул-2021" бағдарламасын әзірлеген. Аталмыш жоба балалардың жазғы демалысын пайдалы іспен, яғни сауықтыру және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды көздейді. Биыл барлығы 2000-мыңға жуық оқушыны қамту жоспарланып отыр.

Ақтоғай ауданында 1-4 сынып оқушыларына арналған мектеп жанындағы лагерлерлер жұмысын бастады. Жалпы 690 оқушы демалысын өткізіп жатыр. Әлеуметтік қорғалмаған отбасы санатынан 154 оқушы үшін жолдама тегін, қор есебінен төленген.

Динара Жансейітова, Ақтоғай аудандық білім беру бөлімінің бас маманы:

Басқа балаларға ақылы, 7500 теңгені құрайды. Сондай-ақ, біздің ауданымыздың демеушілері сол жолдамаларды сатып алуға үлкен көмек көрсетеді.

Аудан орталығында орналасқан жалпы білім беретін Абай мектебінде де балалардың жазғы демалысы ұйымдастырылды. Бірінші ауысымда бастауыштың 70 оқушысы тынығып жатыр.

Қанымгүл Солтаналинова, Ақтоғай ауданының абай атындағы ЖББМ директоры:

5 топ құрылды. 70 бала кіреді, 8 тәрбиеші сол балалармен жұмыс жасайды. Және де әртүрлі үйірмелер, робототехника, орыс тілі, ағылшын тілі үйірмелері. «Сұңқар» клубы жұмыс жасайды. «Адал ұрпақ» клубтары өте қызықты балалармен іс шара өткізеді.

Бөліп айтары, шілде айынан бастап жоғары сынып оқушылары жеке кәсіпкерлерде, шаруа қожалықтарында жұмысқа орналасатын болады. Сондай-ақ, 5 шілдеден бастап Жоламан ауылы жанында орналасқан лагерь өз жұмысын бастайды деп жоспарланған. Өткен жылы ол күрделі жөндеуден өтіпті. Бұған 21 млн теңге бөлінген. Ғимараттың іші мен сыртында терезелер, есіктер, шатырлар, едендер, электр бөліктері ауыстырылып, қабырғалар сырланды. 2 маусымда 80 оқушы демалысын өткізбек.   

 

Мөлдір Бультекова

Тақырып бойынша материалдар

РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
18:28, 17 мамыр 2021
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...
ҰСТАЗДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ
20:50, 14 мамыр 2021
ҰСТАЗДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...