ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«АБАЙ» МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛЬДАРЫ МЕН АЛҒЫС ХАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

16:48, 18 наурыз 2021

Өткен жыл қазақ үшін ерекше жыл болды. Адамзаттың алыбы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы өтті. Пандемияға байланысты көп шара тұсауланып қалса да кемеңгердің туған жылы кең көлемде аталып, есімі әлемді шарлап кетті. Хакімнің мерейтойы барысында ақын шығармашылығын насихаттау ісіне ат салысқан Павлодар өңірінің зиялы қауымы мен шығармашылық өкілдері «Абай» медалімен және алғыс хаттармен марапатталды.

Жидебайда туып жаһандық тұлғаға айналған қазақтың басты бренді -ғұлама Абайдың мерейтойы біздің өңірде  де ауқымды түрде аталып өтті. Тек бір ғана мәдениет саласында мыңнан аса тағылымды шаралар ұйымдастырылды. Қаланың қақ ортасында ескерткіш орнатылды. Кемеңгердің асыл мұрасын, ұлы тұлғасын ұлықтау  ісі үздіксіз жүргізілді. Осы бастамаларды іске асырып,  дәріптеген бір топ павлодарлықтар  Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің  «Абай» мерейтойлық медальдарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Қордың алғыс хатына хакім Абайдың ғибратты ғұмыры мен адамзатқа аманаттаған ұлы туындыларын насихаттау ісіне үлес қосқан  телеарнамыздың журналисті Гүлсара Мәлікова ие болды.

Гүлсара Мәлікова, «ERTIS» телеарнасының редакторы:

Телеарна насихаттың ең үлкен күші. Сондықтан өзім жасаған әр бір хабарымды әр бір сюжетімде, ұлы Абайдың кредосы, қазақ білсе екен, көрсе екен, қазақ осындай болса екен деген Абайдың ұстанымдарының барлығын өзімнің жасаған телеөнімдерімде енгізуге мақсат етіп алуға тырысамын. Және бұл жалғыз менің ғана емес осы «ERTIS» телеарнасының, киелі шаңырақтың қызметкерінің жасаған еңбегінің өтеуі, алғысы деп ойлаймын.

Шараға «Абай» атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының атқарушы директоры Аслан Ғафуров пен қордың басқарма төрағасы Ермек Бейсембаев арнайы келді.

Аслан Ғафуров, «Абай» атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының атқарушы директоры:

Өнер өрлей берсін. Еңбек жемісті болсын. Лайым Абай ұлт руханиятының алтын қазығы болып, алға бастай беретініне кемел сенеміз. Және павлодар өңіріндегі өнерпаз қауым үшін де, әсіресе зиялы қауым өкілдерінің ішіндегі де осы барлық мүмкіндіктерді жасап жатқан Павлодар облыстық әкімдігіне, басшылығына, басқарма басшыларына үлкен рахметімізді айтамыз.

Ұлтының алға жылжуы мен өсіп-өркендеуі шығармашылығының басты кредосы болған кемеңгердің шығармашылығы мен атқарылған істер туралы емін-еркін әңгіме айтылып, қонақтар жырмен алғыс білдірді.  Қазақстанда аралап игі іске үлес қосқан елге алғыс білдіріп жүрген ақын атындағы халықаралық қор басшылығы Абайды ұлықтау алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді. Қазақ  барда Абайдың жасай беретіні сөзсіз.

 

Қуандық Танабас

Тақырып бойынша материалдар

Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
18:41, 10 маусым 2021
Ақтоғай ауданында оқушылар жұмыспен қамтылады
Толығырақ...
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
18:28, 17 мамыр 2021
РИДДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...