ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК ЖҮЗГІШТЕР

19:59, 6 мамыр 2021

Павлодардың ерекше балалары республикалық онлайн жарыста жеңімпаз атанды. 9 бала түрлі деңгейдегі марапатқа ие болды. Бүгін олар көптен күткен сыйларын алды. Балалардың қуанышына куә болған тілшіміз тарқатсын.

«Батыр» мектебінің жүзу үйірмесінде мүмкіндігі шектеулі балалар да жаттығады. Үйірмеге диагноздары әртүрлі 20 бала қатысады. Бұл «Саламатты Болашақ» жобасы аясында ашылған алғашқы үйірмелердің бірі. Жақында үйірмеге қатысушылар республикалық жарыста жеңімпаз атанды.

Галина Алексеенко,  «Саламатты Павлодар» ұйымының үйлестірушісі:

Қатысушылардың барлығы «Саламатты Болашақ» жобасынан. Ел бойынша 7 қаладан келген балалар қатысты. Шымкент Қарағанды, Алматы секілді қалалардың арасында біздің Павлодар да  бар. Жалпы 100 бала бақтарын сынады.

Онлайн жарысқа Павлодардан 19 бала қатысты. Олардың  9-ы түрлі деңгейдегі медальға ие болды. Осылайша біздің  спортшылар республикалық жарыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанды. Бүгін жеңімпаздар алыстан келген сый-сияпаттарын алды. Салалық кәсіподақ ұйымы да өз сыйлықтарын ұсынды. Бұндай ілтипатқа ата-аналар қауымы да ризашылықтарын білдірді.

Наталья Кованерская, ата-ана:

Ұлыма жүзу секциясы өте қатты ұнайды. Бұрыннан бері бергім келген. Себебі, балалалардың сал ауруы кезінде бұлшық еттері әлсіз болады. Сондықтан жүзу көмектеседі. Одан бөлек, футболға барамыз.

Айта кетейік, «Мир возможностей» қоғамдық бірлестігінің жұмысы аясында ерекше балалар жүзу, бочо, таэквондо, хореография және адаптивті футбол үйірмелеріне қатыса алады.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
18:45, 19 қараша 2021
Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
Толығырақ...
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
18:34, 19 қараша 2021
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...