ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Жүгіруден Қазақстандық рекордты жаңартпақ

18:15, 5 тамыз 2021

Баянауылдан шыққан екі марафоншы Нұрсұлтан Бірлік пен Олжас Кәкімжанов 330 шақырым қашықтықты бағындырып, Қазақстан рекортын жаңартпақ ниетте. Қазіргі таңда бұл процеске дайындық үстінде. Олар бұған дейін 120 шақырымды 12 сағатқа жеткізбей жүгіріп өткен. Айта кету керек, қазіргі таңдағы қазақстан рекорты 320 шақырым болып табылады. Оны қарағандылық жігіт Заңғар Әлкенов бағындырған.

Нұрсұлтан мен Олжас бала кезден спортқа жақын. Екеуі де салауатты өмір салтын ұстанады. Нақты марафонға қатысуды 2014 жылы қолға алыпты. Оған дейін облыстық деңгейде түрлі жарыстарда топ жарған. Нұрсұлтан Бірлік – Баянауыл аудандық ауруханасында дәрігер болып қызмет атқарады. Ал, Олжас Кәкімжанов №2 Майқайың орта мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі. Екеуін бір арнаға тоғыстырған – ол спорт. Хош, тақырыпқа оралайық. 330 шақырымды жаяу жүгіріп өту оңай шаруа емес. Тіпті, екінің бірінің қолынан келмейді десек те болады. Әрине, қазақстандық рекортты орнату үшін қойылатын талаптар бар. яғни, 330 шақырымды 48 сағаттың ішінде жүгіріп өтке, нәтиже саналады.

Олжас Кәкімжанов, марафоншы:

Семей-павлодар бағытындағы 330 км қашықтықтағы ультрамарафонды бағындырсақ деген ниетіміз бар. Жалпы аталған марафонға осы 330 км қашықтыққа 48 сағат беріліп отыр. 48 сағат уақытының аралығында өтетін болсақ, Қазақстан рекордын жаңартатын боламыз.

Рекордты жаңарту үшін марафон нәтижесін тіркейтін республикалық мамандардың көмегіне жүгіну маңызды. Әрине, бұл тегін шаруа емес. Марафоншылардың әрқайсысына кемінде 500 мың теңге керек. Сондықтан, қазір қолдау білдіретін азаматтар іздестірілуде.

Нұрсұлтан Бірлік, марафоншы:

Бұл марафон қаршылай көмекті талап етеді. Яғни, бұған тіркелу бар, қаржыны талап етеді. Соған байланысты біз өзіміз демеушілер іздеудеміз. Негізі қазіргі таңда ағаларымызға, демеушілік көрсетеміз, қолдаймыз деп жатыр. бірақ та нақты іс керек. Өздеріңіз білесіздер Баянауыл жерінен академик ғалымдар шықты. Енді біздің мақсат осы Баяннан неге марафоншы шықпасқа деген.

Жігіттер бұған дейін 120 шақырымды 12 сағатқа жеткізбей жүгіріп өткен.  Бұл қыркүйек айында өтетін ультра марафонға дайындық болыпты.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Спорттың бұл түрінен Қазақстанның рекордын орнатқан Қарағандылық Заңғар Әлкенов. Ал, жерлестеріміз Баянауылдан шыққан қос батыр, Дәл осы Заңғардың жетістігін жаңартпақ ниетте. Енді осы ретте бұл бастамаға санаулы ғана уақыттар қалды. Алғашқы сезім қандай? Бұған дейін бір қорқыныш, үрей бар ма? – әрине бұндай ұзақ қашықтық болған соң қорқыныш болады. Бірақ та біз өзімізге сенімдіміз. Бұл қашықтықты, рекортты орнатамыз деген ойымыз бар.

Баянауыл ауданындағы салауатты өмір салтын ұстанып, жүгірумен айналысатын жастарды біріктіретін «Баянауыл раннерс» атты қоғамдық бірлестік те ашылған. Жетекшісі Нұрсұлтанның өзі. Алдағы уақытта талай жарыстарға қатысып, әлемдік рекордқа жа жетеміз деп сенеді.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
18:45, 19 қараша 2021
Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
Толығырақ...
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
18:34, 19 қараша 2021
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...