ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Жеңіліссіз жеңіс жоқ

18:44, 28 шілде 2021

Жапонияның астанасы Токио қаласында 32-ші жазғы олимпиада өтіп жатыр. Бүгінгі ойын күнінен кейін біздің облыстан бір спортшы ғана өнерін көрсететін болады.

Бокстан бастаймыз. 1/8 финалда Серік Теміржановпен америкалық Дюк Рэган шықты. Қарсылас 2017 жылғы чемпионаттың күміс жүлдегері.  Бірінші раундтан кейін барлық төрешілер, яғни бесеуі де 10 да 9 есебімен америкалық боксшыны қолдады. Екінші раундта екі төрешінің екі қарсыластың  жекпе жегіне көңілі толмай, үшеуі америкалық спортшыны қолдады. Үшінші кезеңде барлық төрешілер Дюк Рэганға таңдау жасады. Жекпе жек соңында жерлесіміз «Өкінішке қарай Жеңіліс таптым. Барлық күшімді салдым. Үміттеріңізді ақтамасам кешірім сұраймын» деді. Осылай Серік үшін олимпиадалық ойындар аяқталды. Енді біз павлодарлық жеңіл атлетші Ольга Сафроноваға ғана жанкүйер боламыз. Ол 30 шілде жұма күні алдын ала 100 метрлік жүгіруге шығады. 2 тамызда 200 метрлік жүгіруге де қатысатын болады.   

 

 Әсем Бекмұрза, Мурат Абилмажит

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
18:45, 19 қараша 2021
Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
Толығырақ...
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
18:34, 19 қараша 2021
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...