ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

«ЖАСЫБАЙ» СПОРТ МЕКТЕБІНЕН ШЫҚҚАН ЖЕҢІМПАЗДАР

17:13, 20 сәуір 2021

Бүкіл әлемді жайлаған пандемияға қарамастан, жас Екібастұздықтар өздерінің спорттық жетістіктерімен қуантуда. «Жасыбай» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері республикалық жарыстардың жүлдегері атанды.

30 жылдан астам уақыт «Жасыбай» спорт мектебі чемпиондарды дайындап келеді.  2019 жылы мұнда гір спорты ашылған. Аз уақыт ішінде балалар бұл спорт түрінен жақсы нәтиже көрсетіп үлгерген.

Дархан Естаев, жаттықтырушы:

Ақтөбе қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында Тұрсын Мирас  күміс иемденді. Сондай-ақ, Петропавл қаласында ҚР чемпионатында Гайнутдинова Алуа серпіліс жаттығуында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. Біз мұнымен шектеліп қалмай, әрі қарай тоқтаусыз жұмыс істейтін боламыз.

Спорттық акробатика мектебі де өз шәкірттерімен танымал. 200-ден аса адам спортпен шұғылданады. Онда қазір іріктеу жүріп жатыр, 6-7 орынға мықтылардың мықтысы таңдалатын болады.

Назгүл Байғабылова, «Жасыбай» БЖСМ  басшысының орынбасары:

Бізде ҚР чемпиондары бар. Спорт шеберлері халықаралық дәрежедегі өз атақтарын растаған. Олар жазда Швейцарияда өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатыр.

Былғары қолғап шеберлері де жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Ақпан айында Ақтөбеде өткен ел чемпионатының күміс алқасы жас боксшы Ислам Машкентаевқа бұйырды. Айта кетейік, еркін күресшілер де дес берер емес.

Назгүл Байғабылова, «Жасыбай» БЖСМ  басшысының орынбасары:

Еркін күрес спортшылары да  жақсы нәтижелер көрсетуде. Жастар арасындағы ҚР чемпионатында 3 орын алып, қола алқаға ие болды. Қазақстанның жастар ойындары 4 жылда бір рет өткізіледі. Бұл ҚР Олимпиада ойындарының бір түрі, онда бізде 3 орын бар.

"Жасыбай" балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2000-нан астам бала түрлі секцияларда жаттығады. Қазіргі уақытта елде ұйымдастырылып жатқан жарыстарда үздіктер қатарынан танылып отыр.

 

Әсем Бекмұрза, Галина Трощева

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
18:45, 19 қараша 2021
Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
Толығырақ...
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
18:34, 19 қараша 2021
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...