ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Жаңа үйірменің әлеуеті

22:05, 8 қыркүйек 2021

Қарағандылық жаттықтырушы Павлодар жерінде болашақ олимпиада чемпиондарын шынықтырып жатыр. Толқын бассейнінде жасөспірімдерге арналған су добы ойындарының үйірмесі жұмыс жасауда. Ашылғанына аз уақыт болса да жеткен жетістіктері көңіл қуантады.

Жаттықтырушы Андрей Павлов Қарағандынының тумасы. Ертіс-Баян өңіріне 2021 жылдың көктемінде келіпті. Бірден спортқа қызығушылығы бар жігіттері жинап, іске білек сыбана кірісіп кеткен. Қазіргі уақытта 10 жасқа дейінгі балаларды дайындау үстінде.

Андрей Павлов, жаттықтырушы:

Негізінде, 100-ден астам үміткер өтінім білдірді. Бірақ, мен тек суда жүзе алатындарды ғана таңдап алдым. Себебі, мен суда доппен қалай жүзу керектігін және оның техникаларын үйретемін. Ал, жүзе алмайтын балалармен жұмыс жасау ол көп уақытты алады. Әзірге шәкірттерімнің қарқыны жаман емес. Болашақта жақсы нәтиже шығатынына сенімдімін.

Иә, бұл жерде сыннан сүрінбей іріктелген 60 бала шынығады. 30-30-дан екі топқа бөлінген. Алғашқылары түске дейін дайындалса, екінші топ түстен кейін, 15:00 мен 17:00-дің арасында жаттығады.

Зұлқарнай Ермұратұлы

 

Тақырып бойынша материалдар

Павлодарлық спортшы рекорд орнатты
11:19, 30 қыркүйек 2021
Павлодарлық спортшы рекорд орнатты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...