ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Волейбол клубтары құрамына тек жергілікті спортшылар алынды

12:27, 21 қыркүйек 2021

Волейболдан «Павлодар» ерлер клубы толықтай жергілікті тәрбиеленушілерді алса, «Ertis» әйелдер клубында Ресейден шақырылған қыз бар. Ол спорттық ережелерге сәйкес легионер болып есептелмейді. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов волейбол клубтарының ойыншыларымен және қызметкерлерімен кездесті.

Өңірлік волейбол федерациясын басқаратын әкім «Баянтау» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер командаларының жаттығуына барды. Биыл клуб құрамын жаңартып, павлодарлық волейболдың тәрбиеленушілеріне үміт артып отыр. Спорт функционерлері командаға еліміздің өзге өңірлері үшін ойнаған павлодарлықтарды да тартып алды.

Аманжол Әубәкіров, облыстық волейбол федерациясының вице-президенті:

Біз жылдар бойы өзге клубтар үшін ойнаған спортшылардың қайта оралғанына қуаныштымыз. Осы құраммен команда ел чемпионатының медальдері үшін күресе алады деп ойлаймын.

"Ертіс" әйелдер командасын екінші маусым қатарынан Вячеслав Ходус басқарады. Ойыншылардың көпшілігін волейболмен алғаш айналыса бастаған кезден біледі.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Біз жергілікті волейболшылар мен жаттықтырушылар штабын жасақтадық. Енді осы қалыпта спортты дамытумыз керек. Менің ойымша, бұл үлкен перспектива. Мемлекет басшысы нақты инфрақұрылым қалыптастыру керектігін айтты.  Мен облыс әкімі ретінде спортқа көп көңіл бөлетін боламын. Өйткені маған облыстық волейбол федерациясының басшысы ретінде жүк артылды.

Спортшылар мен клуб қызметкерлері турнирлік жарыстар көрермендердің қатысуымен өтеді деп үміттенеді. Әбілқайыр Сқақов мұндай жағдайда қалада өтетін ойындарды трибунадан тамашалауға уәде берді. Әкім ерлер мен әйелдер командаларына табыс тілеп, қолдау көрсететінін айтты. Волейболшылар өз кезегінде аймақ басшысына барлық ойыншылардың қолтаңбасы бар доп сыйлады.

Қазақстан кубогының алдын ала ойындары әйелдер командалары арасында 1-8 қазан аралығында, ал ерлер арасында 10-18 қазан аралығында өтеді.

 

Қуандық Танабас

Тақырып бойынша материалдар

Павлодарлық спортшы рекорд орнатты
11:19, 30 қыркүйек 2021
Павлодарлық спортшы рекорд орнатты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...