ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Ұлттық ат спорты ұлықталуда

19:15, 28 маусым 2021

Май ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері Хасен Сейітқазинді еске алуға арналған ат спортынан облыстық чемпионат өтті. Дәстүрге айналған шараға өңіріміздің түкпір түкпірінен биыл онға тарта команда қатысты. Көкпар десе ішкен асын жерге қоятын азаматтар айлар бойғы дайындықтарын ортаға салды. Нәтижесінде Екібастұздан келген ақкөлдіктер басымдық танытты. Ұлттық ойынға куә болып қайтқан әріптесім Самал Қалиқызы толығырақ айтып берсін.

Хасен Сейітқазинді еске алуға арналған ат спортынан турнирі 5 жыл қатарынан өтіп жатыр. Өңірдің көкпаршылары бақтарын сынап, сәйгүліктерін сақадай сай дайындап келіпті. Жарыс 24-26 маусым аралығында Май ауданының Кеңтүбек ауылында ұйымдастырылды. Командалар үш топқа бөлінді, сол 3 топтан шыққан мықтылар келесі кезеңге жолдама алды.

Жасұлан Әлиев, ат спортынан аға жаттықтырушы:

Бүгінгі өтіп жатқан Хасен Сейітқазин турнирі. Осында іріктеу саналады. 9 команда келді. Содан шығарып, іріктейміз.

Біздің халықтың жылқы десе делебесі қозады. Ауылда өскен әр қазақ аттың құлағында ойнап, бәйге шабады.  Тәуелсіздік алғалы көкпар, бәйге, аударыспақ, теңге ілу сынды ұлттық ат спорт түрлері елімізде дамып келе жатыр. Көкпар ойыны жігіттердің төзімділігін, күш жігерін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Аттың бапталып үйретілгені, жүйріктігі де сынға түседі. Үш күнге жалғасқан ойында финалға Май, Ақтоғай және Ақкөл ауылының көкпаршылары шықты.

Айбын Уәхитов, көкпаршы:

Бала кезден басталды. Сол сияқты ат жалында өтісті. Осылай атбегілікке деген басымырақ енді.

Қазақ жылқы десе ішкен асын жерге қояды. Оны баптап, күтуден жалықпайды. Мінсең көлік, жесең ас демекші жеті қазынаға жататыны да осыдан. Жер-жерде жылқы шаруашылығымен айналысатын азаматтар ұлттық ат спортты  да дамытуға үлес қосып жатыр.

Құдайберген Тұрғынбаев, көкпаршы:

Айтып өтетін Сұлтанов Аманай жетекші ағамыз. 15 ат ұстап отыр. Әр бала әр жақта. Әр баланы қалай жібереді жұмыстан.

Хасен Сейітқазин атамыз Май ауданының тумасы, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагер. Өңірдің дамуына үлес қосқан азамат. Ұрпағы атасының есімі мәңгілікке сақталып, қазақтың көкпары  дамысын деген мақсатта жылда облыстық  спорт басқармасымен бірігіп осы жарысты өткізеді.  

Айдана Сейітқазина, Хасен Сейітқазиннің немересі:

Хасен Сейітқазин ҰОС ардагері, атамыз осы Май ауданың қоғам қайраткері еңбегі сіңген атамыз, ең алдымен спорт басқармасына алғыс айтамыз. Жаңа командалар қатысады деп өте үміттенеміз, күтеміз.

Сонымен, үш күндік ойынның нәтижесінде кубокты Екібастұздың Ақкөл-Жайылмасынан келген команда алып, бірінші орынға ие болды. Екінші орын Май және үшінші орын Ақтоғай ауданына бұйырды. Айта кетейік, бас жүлдені алған команда Ақтау қаласында өтетін «Ақ бидай» жарысына жолдама алды. 

     

Самал Қалиқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
18:45, 19 қараша 2021
Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
Толығырақ...
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
18:34, 19 қараша 2021
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...