ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде

18:45, 19 қараша 2021

Тоғызқұмалақтан «Saryarqa samaly» газетінің жүлдесі үшін дәстүрлі турнир басталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл сайысқа жүзден астам тоғызқұмалақшы келген. Екі күнге созылатын сайысқа бірнеше аймақтан командалар келген.

Дәстүрлі тоғызқұмалақ турнирі биыл 13-рет өтуде. Былтыр карантиндік жағдайға байланысты өтпеген. Ұлдар мен қыздар командалары бес жас ерекшелігіне байланысты жүлделерді сарапқа салмақ.

Шәріп Қашкенов, турнирдің бас төрешісі:

Биыл мына жарысқа рұқсат беріп отыр. 5 спорт шебері қатысып отыр. 25 спорт шеберлігіне үміт керлер бар. Басқалары бірінші, екінші, үшінші разърядтың балалары.

Тоғызқұмалақ ой мен тапқырлыққа негізделген спорт. Логикалық тапқырлық пен шешімталдық аса қажет. Тарихы ертедегі қазақ қойшыларының ойынымен байланысты. Биыл біршама шектеулер арқылы 160 спортшы келіп отыр. Ұйымдастырушылар бұл жарыстың ауқымы алдағы уақытта өз деңгейіне қайта оралады деген үмітте.

Нұрбол Жайықбаев, облыстық «Saryarqa Samaly» газетінің бас редакторы:

Амандық болса, осы шектеулердің барлығы жойылғаннан кейін қайтадан 400-ден астам спортшыны жинаймыз деп отырмыз. Бұл жарыс алдағы үлкен турнирлер алдында өзін сынауға үлкен мүмкіндік. Бұнда жас шектеулері жоқ. Спорт шеберлері де оайнайды, ойынды жаңадан бастап жүргендер де ойнайды.

Биылғы жарысқа Қарағанды, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай облыстарынан, сондай-ақ, Шымкент, Нұр-Сұлтан қаларынан командалар келген.

Нұртай Шәпенов, тоғызқұмалақтан жаттықтырушы (Қарағанды обл):

Жалпы тоғызқұмалақты өзім басында үйреніп, баларды дайындай бастадым. Өзім Ұарағнды облысы, Шет ауданы, Мойынты кентінде дене шынықтырудан сабақ берем. Бұл турнирге бірінше рет келіп тұрмын өзім.

Жарыс бірнеше турдан, екі күнге созылады. Ойыншылар жасына ешқандай шектеу жоқ. Осы жолығы қатыушылардың ең кішісі жеті, үлкені 40 жаста.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Павлодарлық боксшылар 2021 жылды қорытындылады
18:30, 28 қаңтар 2022
Павлодарлық боксшылар 2021 жылды қорытындылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...