ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Тоғызқұмалақшылар Қазақстан чемпионатына дайындалуда

20:47, 20 мамыр 2022

Павлодарлық тоғызқұмалақшылар жасөспірімдер арасында өтетін Қазақстан чемпионатына тыңғылықты дайындалуда. Бұл жарысқа қалалардан бөлек, бірқатар ауданның да ой жүйріктері қатысатын болады. Тоғызқұмалақшыларымыздың дайындығы жайлы алдағы материалда.

Павлодарлық тоғызқұмалақшылар бұған дейін бірқатар республикалық және халықаралық деңгейде биік белестерді бағындырып жүр. Азия деңгейінде олжа салған спортшыларымыз да бар. Мәселен, жуырда Орал қаласында өткен командалық сайыста жерлестеріміз екінші орын иеленген. Енді алда Алматы қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мамыр айының отыз бірі басталады.

Арыстан Қапаев, бас жаттықтырушы:

Сол жарысқа жолдама алған балалар бар. Тек Павлодар, Ақсу, Екібастұз бойынша ғана емес Ертіс ауданы, Шарбақты ауданы, Аққулы, Ус пен аудандарының балалы қатысады. Бұдан бөлек шілде айында Қостанай қаласында халықтық ойын өтеді. Соған міне дайындық.

Халықтық ойын төрт жыл бұрын Ақтау қаласында өтіп, жерлестеріміз бірінші орынға ие болған. Сол жетістікті биыл да қайталау жолында тыңғылықты дайындалудамыз дейді спортшылар.

Аружан Әбдіханова, тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

Әр жарысқа мұқият дайындаламыз. Алдағы жарыс өте тартысты болады. Әр команда өзінің мықты-мықты ойыншыларын жарысқа апаруда.

Тоғызқұмалақ қазақ қойшыларының қалыптастырған ойыны. Жастар осы спорт адамның ойын сергітіп, логикасын арттырады, сондықтан бет бұрғанын айтады.

Бұл халықаралық деңгейде де танымал спорт түрі. Осы спортпен айналысушылар өңірде мыңдап саналады.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Акробатикадан халықаралық жарыс өтті
20:59, 28 маусым 2022
Акробатикадан халықаралық жарыс өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...