ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Тартысты кездесулер алда

18:27, 19 қаңтар 2022

Павлодарлық жас хоккейшілердің жаттығуы тыңғылықты. Келесі маусымға барынша бапталуда. Пандемиялық жағдайға байланысты жаттығудағы кідірістер болғанымен, спортшылар сайыстарға сақадай-саймыз дейді.

«Астана» мұз сарайында 11 мен 13 жас аралығындағы жасөспірімдер жаттығу жасауда. Олардың көпшілігі шайбалы хоккеймен алты жылдан бері айналысып келеді. Олар қазір ойынның қыр-сырын тыңғылықты үйренуде. Жасөспірімдерге үлкен тактикалық талаптарды қоюдың қажеті жоқ дейді бапкер Игорь Коваленко.

Игорь Коваленко, шайбалы хоккейден Павлодар облысының аға бапкері:

Олар нәтиже кейінірек көрсетеді. 11 мен 13 жастағы балалардың қазіргі міндеті дұрыс сырғанап, конькимен еркін қозғалуды үйрену. Олар ойын кезінде қалай сырғанауды ойлап тұрмауы керек. Сырғанау бұл ойынның негізгі тірегі.

Әрине, пандемиялық жағдай спорттық дағдыны өзгертті. Ойындар азайды. Енді тек жұмыс күндері ғана жаттығу өткізе алады.

Игорь Коваленко, шайбалы хоккейден Павлодар облысының аға бапкері:

Демалыс күндері жаттығудың тоқтағаны бізге қиын болды. Екі ауысымда да оқитын оқушылылар тек демалыс күндері ғана түгел бас қосып, жаттығу өткізетін. Бірақ, қазір ол мүмкін емес.

Төрт жасынан бастап жаттығуға келген ойыншылардың бірі Никита Польский. Хоккей ойнап жүргеніне 8 жыл болды. Орталық қорғаушы ретінде ойын көрсетеді.

Никита Польский, команда капитаны:

Ойынның негізгі кілтипаны жылдам ойлануда. Үлегере алмай қаламын деген ой болмауы керек. Алға жүгіріп келе жатып, кілт кері бұрылу сияқты шұғыл шешімдер бұл ойында  жиі болады.

Ертіс хоккейшілері туралы  толығырақ арнамыздан шығатын «Спорт Тайм» бағдарламасынан тамашалай аласыздар. Бағдарламаның келесі саны 24-қаңтар, сағат 19.40 та.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Мурат Абилмажит

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақшылар Қазақстан чемпионатына дайындалуда
20:47, 20 мамыр 2022
Тоғызқұмалақшылар Қазақстан чемпионатына дайындалуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...