ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Спортты аймақ

08:09, 28 маусым 2022

1-ші шілдеден бастап ауылдық мектептер жанынан спорттық үйірмелер ашылатын болады. Күн сайын 18 бен 35 жас аралығындағы тұрғындарға спорттық ойындар бойынша жаттығулар өткізіледі.

Павлодар облысы бойынша ересектердің тек 34 пайызы ғана тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Ал, спорт орталықтарының басты жоспары бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 50 пайызға көтеру. Осы мақсатты 180 маман жұмысқа қабылданбақ. Басты талап – спорттық сауаттылықты арттыру.

Нұрлан Есембаев, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

Нұсқаушылар күнделікті жұмыс істейді. Олар спортзалды ашып, келген тұрғындарға спорттық сауаттылық туралы кеңес береді. Ал, жылдың соңында материалдық техникалық базамызды жаңғырту мақсатында анализ жасаймыз. Себебі, барлығы бірдей спорттың бір түрімен ғана айналыспайды. Жыл соңында кімнің қайда баратыны анықталған соң, нақты іске кірісеміз. Яғни, керекті жабдықтарды аламыз.

Жаттығулар кешкі сағат алтыдан, тоғызға дейін ұйымдастырылады. Қатысуға рұқсат етілген жас ерекшелігі 18 бен 35 жас аралығы. Бұдан бөлек, егде жастағылар өз қалаулары бойынша келе алады. 

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Раиса Моргунова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...