ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Спортсити кешенін су басты

17:05, 2 тамыз 2022

Павлодар қаласындағы спорт кешенін су басты. Оны дәлелдейтін әлеуметтік желіде бейне тарады. Шелектеп жауған жаңбыр осылайша шаһардың спорт саласын шығынға ұшыратты ма қалай? Әлде мердігер ұйымның жұмысы қатты жауынға төтеп бере алмады ма?

Кешегі жаңбыр көше түгіл облыс орталығының бірқатар әлеуметтік нысандарына зақым келтірді. Мәселен мына бейнеде қаламыздағы спорт кешені бассейнге айналып кеткенін байқаймыз. Екінші қабаттың төбесінен су бірінші қабатқа төгіліп жатыр.

Жауапты басқармада су жіберу жүйесі істен шықты деп түсіндірді. Мердігер ұйым бәрін қалыпқа келтіреді деп сендірді.     

Нұрлан Есембаев, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

Кеше Спорситидің  аренасында ағын судың құбыры жарылып, кешенді су басты. Қазір судан аумақ тазартылды. Келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Мердігер ұйым бәрін қалыпқа келтіріп жатыр. Электр сымдары, төбедегі жарықтандыру құралдарының суға тигені болмаса айтарлықтай көлемді шығын жоқ көрінеді.   Суыту құрылғысына зақым келмеді. Негізі медігер ұйым ағын судың құбырын дұрыс бекітпеген. Сол   қатты жауынға шыдай алмады.

Осылайша бір апта ішінде кешеннің бұл аумағы қалыпқа келтіріліп, жаттығу процесі қайта жалғасатын болады.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...