ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Спорт залы ашылды

21:11, 11 мамыр 2022

Кенжекөл ауылындағы отбасылық үлгідегі үйде спорттық зал ашылды. Онда жас тәрбиеленушілер жаттығып қана қоймай, тіпті белбеу алуға мүмкіндік алды.

Джиу-джитсу, грэпплинг, панкратион  және  шығыс жекпе-жектері бойынша сабақтар өтеді. Спорт залында балалар жаттықтырушымен бірге айналысады.  

Айжан Шамғалиева,  Кенжекөл ауылы отбасы үлгідегі ауылдың жетекшісі:

Біздің балалар үшін бұл өте маңызды. Сондықтан спорттық залдың ашылуы атаулы оқиға. Біздің ауылдың балалары чемпион атанады деген үмітемін.  

Отбасылық үлгідегі үйде тәрбиеленіп жатқан балалар үшін бұл көптен күткен қуаныш болды.

Рафаил Уалиев, тәрбиеленуші:

Маған зал өте  ұнады. Мен енді мында келіп,  спортпен шұғылданамын. Бүгін  кешке достарыммен бірге келіп, жаттығу жасаймыз.

Спорттық зал керекті құрал жабдықтармен жарақталған. Жаттығу орнынан бөлек, жуынатын бөлме де бар.

 


Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар