ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

СПОРТ МЕКТЕБІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

11:40, 29 сәуір 2021

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының шеңберінде Павлодар облысында 227 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде, 13 мыңға жуық жаңа және 400-ден аса тұрақты жұмыс орындары ашылды. Жоба аясында әлеуметтік нысандармен қатар, спорт ғимараттары да қалпына келтірілді.

№2 олимпиадалық резевтегі спорт мектебі «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде жаңарды. Мұнда ғимараттың төбе жабындысы мен қасбеті жөнделіп, едені ауыстырылды. Жаңғырту жұмыстарына барлығы 40 миллионнан аса қаржы жұмсалған. Сонымен қатар, ғимаратта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Андрей Тарасов, №2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 3 үлкен жоба жүзеге асырылды. Бұл 2 күрделі және 1 ағымдағы жөндеу жұмыстары. Бұдан бөлек, ағымдағы жөндеу жұмыстарын шеңберінде 2 жоба жүзеге жүргізілді. Ғимараттың төбесі әбден тозып, жаңбыр-қардың суы еленге ағатын. Оны жаңартудың қажеттілігі туындағанға өте қуаныштымыз.

Еуропалық ережелерге сай материалдан жасалған паркет – бүкіл әлемдік ареналарда қолданылады екен. Сапасы жақсы, спортшылардың жүгіруіне кедергі келтірмейді. Енді мұнда түрлі сайыстарды өткізуге болады.  

Андрей Тарасов, №2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

Нысанның шатырының ағымдағы жөндеуінде 5,9 миллион теңге игерілді. Спортзалындағы еденге 13 миллион теңге, ал қасбеттің жаңғыртылуына 22 миллион теңге жұмсалды. Бұдан кейін, қосымша ғимараттың іші мен ауланы абаттандыру шаралары жүзеге асырылды. Себебі, бұған дейінгі жағдайы мәз емес еді.

Ғимарат 1969 жылдары салынған. Содан бері, мұнда күрделі жөндеу жасалмаған. Жобаның арқасында қасбеті қалпына келтіріліп, сырты үш түске боялды. Бұл өз кезегінде ғимаратқа эстетикалық тұрғыдан бұрынғыға қарағанда басқаша түр береді.  

Даниил Абт, №2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің гандболдан жаттықтырушысы:

Бұрын мұнда ағаш еден болатын. Жақсы сапалы болатын, бірақ уақыты жетіп тозып қалды. Қашан ауыстырады екен деп көп күттік. Өткен жылы күрделі жөндеу жұмыстары кезінде жабынды ауыстырылды. Басында үйренісе алмай жүрдік, кейіннен үйреніп кеттік. Бастысы, еденді тез арада орнатып тастады. Барлық жаттықтырушыларға арнайы спорттық жабынды ұнады.

Паркетте тек қана арнайы спорттық аяқ киіммен ғана жаттығуға болады. Балалардың аяқтары сырғанамай, доптың секіруіне жақсы ықпал етеді дейді жаттықтырушылар. Осылайша, оқушылардың жарыстарға деген ынтасын артып, жеңіске жетелейтіні сөзсіз.

 

Әйгерім Бозанбаева

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
18:45, 19 қараша 2021
Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
Толығырақ...
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
18:34, 19 қараша 2021
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...