ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Спорт алаңы ашылды

18:53, 2 маусым 2021

Облыс орталығында жастар мен қала тұрғындары таза ауада спортпен айналыса алатын алаң пайда болды. Заманауи стандартарға сай салынған баскетбол алаңы мен воркаут кешені 600 метрді құрайды.

Жаңа спорт алаңы қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірінің аумағында ашылды. Ашылу салатанатына қала әкімі Ержан Иманслям қатысты.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:

 «Тұрғындар мен балаларға қатысуға болады. Сондықтан осы мердігерлер мен халық банктің қызметкерлеріне, басшыларына рақмет айтамын.»

Спорт алаңы  жоғарғы оқу орны мен банк арасындағы екі жақты келісім аясында салынды. Бұрынғы автотұрақ орнында енді воркаут, баскетбол және стритбол сынды спорт түрлерімен шынығуға болады. Мында көлденең жолақтар, тіректер, арқандар және швед қабырғалары орнатылған. Салтанатты шара барысында университеттің баскетбол командасының мүшелері медальдар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Надежда Степанова , аға оқытушы:

 «Бұл университет командасы. Командада 12 ойыншының 9 -ы спорт шеберіне үміткер. Түркістан қаласында өткен универсиадаға қатыстық. 3 орынға ие болдық. Ойын қиын болды, 10 команда арасында 3 орын алу, бұл жақсы нәтиже.»

Спорт аумағында орнатылған жабдықтарды кез—келген ауа-райында қолдануға болады. Арнайы қорғаныс кедергілері мен заманауи еден жабындысы да бар.

 

Мөлдір Бультекова

 

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
18:45, 19 қараша 2021
Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
Толығырақ...
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
18:34, 19 қараша 2021
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...