ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Шекарашылардың жаңа маршы

22:00, 24 мамыр 2022

Биыл Қазақстанның шекара әскерінің құрылғанына 30 жыл. Осыған орай ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің шекара қызметшілері Ертіс жағалауында мерекелік жүгіру шарасын өткізді.

Бұл ән қазіргі шекарашылардың бас маршы- «Біз шекарада» әні. Қазіргі уақытта Күллі Қазақстанның мемлекеттік шекараны күзетіп жүрген әр сарбазы осы әнді жатқа айтады. Ертіс жағалуындағы салтанатты шара барысында павлодарлық шекарашылар да бұл әнді хормен шырқады.   

Ернар Әбдірахманов, ҰҚК шекара қызметі департаментінің басқарма бастығы:

Әннің сөзі сарбаздарға рух береді. Әр азмаматты мемлекеттік шекараны кірпік қақпай күзетуге шақырады. Ән сарбаздар арасында кеңінен танымал болып, шекарашылардың бас маршына айналды.

Бұл ән биылғы жылдың сәуір айында Сочи қаласында өткен әскер әндер байқауында бірінші орынға ие болған.

Ал, мерейтойылық датаға орай өткен салтанатты жүгіру шарасына арнайы жедел қызмет тобының 30 сарбазы, сондай-ақ, шекара қызметімен құрдас 30 сарбаз ат салысты. Әскерилер Ертіс жағалауының 5 шақырымын жүгіріп өтті.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар