ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты

15:41, 28 шілде 2021

Жапонияның астананы Токиода 32-ші жазғы олимпиада жалғасып жатыр. Басты спорт оқиғасына павлодарлық спортшылар да қатысуда.

Бокстан турнирда еліміздің абыройын 23 жастағы Серік Теміржанов қорғайтын болады. Олимпиаданың алғашқы кездесуінде 1/16 финалда Серік Теміржанов Венгриялық Роланд Галошпен алаңға шықты. Павлодарлық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, судьялардың шешімімен 5.0 есебімен жеңіске жетті.

1:8 финалда Серік Теміржановтың қарсыласы 24 жастағы америкалық Дюк Рэган болады.

Серік Теміржанов, боксшы:

Жекпе жектердің барлығын қарастырдық. Келесі қарсыласым америкалық боксы. Өте мықты. Жекпе-жек басталғанға дейін қарсыласымды біраз зерттедім.  ҚҰдай қаласа жеңіске тырысамыз.

Дюк Рэганмен мен Серік Теміржановтың жекпе жегі 28 шілдеде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9 сағат 50 минутқа жоспарланып отыр.   

 

Самал Қалиқызы, Мурат Абилмажит

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
17:58, 12 тамыз 2022
Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
Толығырақ...