ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Павлодарлық спортшылар алтынды қанжығасына байлады

12:35, 7 қыркүйек 2021

Дубай қаласының төрінде 20-шы 31-ші тамыз күндері қыздар арасындағы бокстан Азия чемпионаты өтті. Павлодарлық спортшылардың қоржыны майланды.

Қыздар арасындағы Азия чемпионаты Араб әмірліктерінің астанасы Дубай қаласында өтті. Еліміздің абыройын асқақтатқан ұлттық құрама шебінде жерлестеріміз Милана Аюпова және Хава Болкоева өнер көрсетті. Жартылай финалда Өзбекстанның спортшы қызын ойсырата жеңіп, финалдық бәсекеде Үнді спортшысынан басым түскен Милана Аюпова 1-ші орынмен оралды.

Милана Аюпова, бокстан Азия чемпионы:

Бұл сезімді сөзбен жеткізу қиын, арманымның бірі еді, бұл арманыма да жаттықтырушым екеуміз бірге жеттік.

Милана мен Хава бокспен 5 жастарынан бастап айналысады. Жеткен жетістіктері де аз емес. 52 келі салмағында өнер көрсеткен Хава Болкоева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Хава Болкоева, Азия чемпионатының бокстан қола жүлдегері:

Жаттығуларымыз Алматы қаласында Өзбекстандық спортшылармен, өз қарсыластарымызбен бірге өтті.

Жаттықтырушы спортшылардың жүлделі орын иеленетіне сенімді болған.

Марат Қырықбаев, жаттықтырушы:

Биік шыңнан көріну үшін, қыздар талмай еңбек етті. Соңғы 5 жыл біз үшін еңбек пен жеңіске толы жылдар болды.

Ендігі кезекте спортшы қыздарымыз Республикалық жарысқа дайындық үстінде.

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
18:45, 19 қараша 2021
Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
Толығырақ...
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
18:34, 19 қараша 2021
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...