ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Павлодарлық спортшы рекорд орнатты

11:19, 30 қыркүйек 2021

Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионатында 74 жастағы Валентин Ухов еліміздің рекордын орнатты. Ардагер спортшының бұл жігерлі қозғалысы елді елең еткізгені рас. Толығырақ тілшіміз баяндасын.

Зейнеткер Валентин Григорьевич Ухов 50 жылдық тәжірибесі бар спортшы. Осы жазда жеңіл атлетикадан ел чемпионатында Валентин Григорьевич өзінің жас санатында жүз метр және 400 метрге жүгіруден республикалық рекордты жаңартты. Спортқа деген сүйіспеншілігі бала кезінен пайда болған. Валентин Григорьевич оқыған мектепте дене шынықтырудан сабақ өтпесе де, болашақ чемпион өздігінен жаттығып бастаған.

Валентин Ухов, спортшы:

Бізде 7 сынып болды. Дене шынықтыру сабағы тіпті болған жоқ. Бір бөлмеде 2 сынып жаттығатынбыз. Мектептен кейін мен тракторшы-комбайншы оқуын оқыдым. Ол жерде ұлдармен аздап күресіп, штанга көтере бастадық.

Күнделікті жаттығулар төзімділік пен күш берді, ал мотивацияның басым бөлігін Валентин Григорьевичке Австралиядағы Дүниежүзілік Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азияның сегіз дүркін чемпионы, ҚР спорт шебері Виктор Бондарь бергенін жеткізді.

Валентин Ухов, спортшы:

Мен жеңіл атлетиканы өте жақсы көремін. Неге екенін білмеймін, бірақ мен мектепте бұл спорт түрімен айналыспағанмын. Теледидар көргенде, мен әрқашан жеңіл атлетиканы таңдаймын.

Қыста Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жеңіл атлетикадан республика чемпионатына Валентин Григорьевич дайын екенін айтты. Спортпен айналысу пайдалы әдеттерге баулиды және зиянды заттардан қорғайды дейді. Қазір жастардың жаттығуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Спорт алаңдары, стадиондар, жаттығу залдары салынуда. Ең бастысы, ниеттің түзу болғаны деп сөзін аяқтады ардагер спортшымыз.

 

Құдайберген Бердімұрат, Евгения Мягченко

 

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
18:45, 19 қараша 2021
Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
Толығырақ...
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
18:34, 19 қараша 2021
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...