ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Павлодарлық саяхатшы Алматыға жаяу жетті

19:21, 8 тамыз 2021

Павлодарлық Ришат Шайхитдинов Алматыға көліксіз жетті. Аяқ артқаны роликті тақтай ғана. Саяхатшы сапар барысын әлеуметтік желіде күнделікті жүктеп отырады.

Ришат Шайхитдинов Павлодардан Алматыға екі апта бұрын аттанды. Өзімін бірге аздаған азық-түлік, киім-кешек пен лонгборды бар. Ришатқа жолда ең керегі осы заттар. Саяхатшы күніне 100 шақырымдық қашықтықты жүріп өтеді. Ең бастысы, оған ауа райы қолайлы, жол жақсы болса болғаны.  

Ришат Шайхитдинов, саяхатшы:

Саяхат барысында мейірімді жандарды көп кездестіремін. Барлығы қолпаштап, қолдау көрсетеді. Көлік тізгіндегендері көмектерін ұсынып жатады. Алғысым шексіз. Олар осы әрекеттерімен мені ынталандырады. 

Бұл Ришаттың алғашқы сапары емес. Бұған дейін Қазақстан және Ресейдің көрікті жерлерінде болған. Сонымен қатар Армения, Грузия, Түркия, Моңғолия мен Оңтүстік Кореяның мәдениетімен танысқан.

Ришат Шайхитдинов, саяхатшы:

Саяхаттау кезінде жаңа адамдармен танысуды ұнатамын. Түрлі халықтардың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі туралы мол мағлұмат білемін. Сонымен қатар денем шынығады. Осылайша рухани және спорттық жағынан дами түсемін.

Ришаттың негізгі мамандығы геоэколог. Алыс сапарлар мен қызықты саяхаттарға құштарлығы сондықтан. Алдағы уақытта роликті тақтайшамен еліміздің өзге де қалаларын араламақ ниетте.

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
18:45, 19 қараша 2021
Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
Толығырақ...
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
18:34, 19 қараша 2021
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...