ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Павлодарлық боксшылар 2021 жылды қорытындылады

18:30, 28 қаңтар 2022

Павлодарлық боксшылар 2021 жылы жиыны 13 халықаралық жарысқа қатысып 32 медаль иеленген. Оның 7-еуі алтын. Бұл туралы бокс мамандарының өткен жылды қортындылауға арналған жиында айтылды. Сондай-ақ, шара барысында бірқатар бапкерлер мен боксшылар мараптталды.

2021-жыл павлодарлық боксшылар үшін оңай болған жоқ. Әсіресе мартериалдық тұрғыдан қиналдық деді мамандар. Енді алға жылжып, жаңа жарыстарға тыңғылықты дайындалмақ керек. Өткен жылы боксшыларымыз халықаралық ірі додаларда 7 алтын, 10 күміс, 15 қола медаль иеленген. Шара барысында осы қиындықтарға қарамастан талмай еңбек етіп, биік нәтижелерге жеткен боксшылар мен бапкерлер, бокс демеушілері мен мамандары марапатталды. Олардың қатарында Серік Теміржановтың алғашқы бапкеріне Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері белгісі табысталды.

Жұмагелді Мажымов,  ҚР еңбек сіңірген бапкері:

Бапкер болып жұмыс істегіме 20 жылдан асты. Көп балар тәрбиеледім. Облыс чемпионы болған, облыстан жүлде алған шәкірттерім бар. Қазақстан жарыстарына қатыстқандар бар. Қазір енді балар келіп жатыр. 11-12 астағы балалар облыстық жарыстарға қатысып жүр.

Жұмагелді Мажымов Ертіс ауданы, Панфилов ауылында бапкерлікпен айналысады. Алыс елдімекенде тыңғылықты жаттығуға жағдайдың аз екендігін де атап өтті. Рингтен бастап, қажетті құрал-жабдықтар тапшы. Алдағы уақытта осы мәселелер ескерілсе деген тілекте. Ал, жиын барысында облыстық бокс федерациясының жаңа басшысы тағайындалды. Ол алдағы уақытта бокстағы проблемалармен тыңғылықты айналысатындығын жеткізді.

Нағашбек Әубәкіров, Павлодар облыстық бокс федерациясының президенті:

Павлодар обылсы бокс федерациясының жоспарына сәйкес жұмыс жасаймыз. Өткен жылдары бұл федерацияда қаржылық жағынан қиыншылықтар болған. Ең бірінші сол мәсереді шешуге тырысамыз. Боксшылар тек қана жаттығумен айналысуы керек. Сондықтан, бұл мәселерді ат салысуға тырысамыз.

Сондай-ақ, жиын барысында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржановқа облыстық спорт және туризм басқармасы «Еңбек сіңірген спорт шебері» белгісін табыстады.

 

Жанасыл Серікбол

 

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақшылар Қазақстан чемпионатына дайындалуда
20:47, 20 мамыр 2022
Тоғызқұмалақшылар Қазақстан чемпионатына дайындалуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...