ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Паралимпиаданың күміс жүлдегерімен кездесу

10:04, 16 қыркүйек 2021

Токиода өткен Паралимпиаданың күміс жүлдегері Зарина Байбатина шаһарымызға оралды. Спортшыны жерлестері қалай күтіп алды? Сюжеттен көрейік.

Тамыз айының 29-шы жұлдызында, Павлодар қаласының тумасы Зарина Байбатина Паралимпиаданың бесінші жарыс күнінде күміс медальға ие болды. Дзюдошының айтуынша бұл көптен күткен марапаты екен.

Зарина Байбатина, паралимпиаданың күміс жүлдегері:

Біріншіден, қуаныш пен мақтаныш, өйткені мен бұл жеңіске жету үшін ұзақ уақыт дайындалдым, Мен үшін бұл қуанышты оқиға болды.

Бұл Зарина бір кездері жаттығып жүрген спорт клубының тәрбиеленушілері. Балалар спортшыны жеке құттықтау үшін ата-аналарымен бірге келген.

Зарина Байбатина, паралимпиаданың күміс жүлдегері:

Бірінші кезекте, әрине, мен өсіп, жаттығып, батылдықпен, алға ұмтылуды және жетістікке жетілерін тілеймін.

Зарина Байбатинаның дзюдодан алғашқы жаттықтырушысы, өзінің шәкірті үшін қуанышты екенін білдірді.

Денис Амелин, жаттықтырушы:

Ол клубқа тікелей қатысы бар спортшы ретінде өзінің қуанышын балаларымызбен бөлісуге келгендіктен осы кездесуді ұйымдастырдық.

Финалдан кейін Зарина бірден анасына қоңырау шалғанын айтты. Қазір Желтоқсан айында Нұрсұлтан қаласында өтетін Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Жерлесіміз 2024 жылы өтетін Паралимпиада алтын медальді елге алып келуді уәде етті.

 

Құдайберген Бердімұрат, Кристина Касперович

Тақырып бойынша материалдар

Павлодарлық спортшы рекорд орнатты
11:19, 30 қыркүйек 2021
Павлодарлық спортшы рекорд орнатты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...