ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Өңірде спортты дамыту мықтап қолға алынды

21:28, 13 тамыз 2021

Өңірде жаппай спортпен айныласатын балалар мен жасөспірмдердің санын көбейту мақсатында қыруар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, облыстық футбол федерациясының қызметін қайта форматтау, балалар мен жасөспірімдер үшін қолжетімді инфрақұрылым, сондай-ақ футбол секцияларын ұйымдастыру әдіснамасы әзірленген. Осы мақсаттарға ағымдағы жылы 2000 адамды қамту үшін 2 миллион теңге бөлінді.

Аймақ басшысының бастамасымен өңірде бұқаралық футболды дамыту тұжырымдамасы әзірленген. Қалалық "Nur Otan" партиясының депутаттық корпусы, облыстық футбол федерациясымен бірлесіп, инфрақұрылымды құру бағыттарын іске асыру және ұйымдастырылған секциялардың әдіснамасын әзірлеу нұсқасын ұсынған болатын.

Айгүл Мәлікова, қалалық «Nur Otan» партиясының төрайымы:

Спорт және дене шынықтыру бөлімімен, білім бөлімімен бірлесіп және де облыстық, қалалық депутаттық фракциямен бүгінгі таңда қаламыздағы екі мектепте балаларға жаппай спортқа баулу үшін футбол үйірмелерін ашып отырмыз. Бұл футбол үйірмелері тегін.

Бүгінде 5 жасанды жабындысы бар әмбебап спорт алаңдары бар. Олар «Заманауи мектеп» жобасы аясында жүзеге асырылған.

Светлана Гладышева, қала әкімінің орынбасары:

Тағы 5 алаң жөндеуден өтетін болады. Олар  "заманауи мектеп" жобасының қалалық бағдарламасына кіреді. Жоба негізінде мектептердің іші, сырты толық жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, спорт алаңдары да толық жабдықталады.

Мектептердегі жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

 

Мөлдір Бөлтекова

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
18:45, 19 қараша 2021
Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
Толығырақ...
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
18:34, 19 қараша 2021
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...