ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады

18:34, 19 қараша 2021

Естай атындағы мәдениет сарайында «Ақсу» футбол клубының ойыншылары мен жаттықтырушыларын Қазақстан Бірінші лигасы чемпиондарының алтын медальдарымен марапаттау рәсімі өтті.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов «Ақсу» клубының футболшыларын осынау жетістікке жеткендерімен құттықтап, алдағы маусымда сәттілік тіледі.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Сіздер Павлодар футболының қиын кезеңінде бірігіп, қысқа уақыт ішінде Қазақстан Премьер-лигасына шықтыңыздар, Осындай жетістіктеріңізбен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Алда одан да жоғары жеңістер және бүгінгідей қуанышты кездесулер одан да көп болады деген сенімдемін.
Әрі қарай команданы Қазақстан футболының аты аңызға айналған ойыншысы, Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов пен Қазақстан құрамасының тұңғыш капитаны Ойрат Сәдуов құттықтады. 

Өз кезегінде, команданың бас бапкері Марат Еслямов қолдау көрсеткен облыс басшылығы мен жанкүйер қауымға алғыс білдірді.

Марат Еслямов, команданың бас бапкері:

Әртүрлі себептермен екі жыл бойы Павлодар облысында үлкен футбол болған жоқ. Талғат Байсуфинов пен Юрий Ишутин «Ақсу» ФК негізінде қысқа мерзім ішінде облысқа үлкен футболды қайтару туралы ұсыныс жасады. Әкім бұл жобаны қолдап, жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Екі жылда команда премьер лигаға шықты.
«Ақсу» капитаны Владислав Чернышов жаттықтырушысының сөзін қостап, облыс әкіміне алғыс айтты.

Владислав Чернышов, «Ақсу» капитаны:

Пандемия кезінде команданың өмір сүруіне қажет қаражатты бөлу – барлық құрметке лайық қадам. Команданы Екінші лигадан ҚПЛ-ға шығарған бапкерлерге алғысым шексіз. Бұл адамның түсіне кірмейтін жетістік. Жігіттерге де рахмет айтамын.

Кездесу барысында Әбілқайыр Сқақов пен Сейілда Байшақов «Ақсу» футболшыларына алтын медальдарды табыс етті. Оған қоса Бірінші лиганың үздік сұрмергені Мирас Тұрлыбек, команда капитаны Владислав Чернышов, бас бапкер Марат Еслямов, клуб спорттық директоры Юрий Ишутин мен жартылай қорғаушы Константин Заречный «Облыс алдындағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.  Одан өзге бірқатар ойыншылар мен клуб қызметкерлері облыс әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарына ие болды. Кеш соңы Иса Байзақов атындағы облыстық филармония өнерпаздарының ұйымдастырған тамаша концертіне ұласты.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Павлодарлық боксшылар 2021 жылды қорытындылады
18:30, 28 қаңтар 2022
Павлодарлық боксшылар 2021 жылды қорытындылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...