ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Мектеп оқушылары аударыспақ ойынына қатысты

17:36, 29 шілде 2022

Жаз мезгілі кезінде балалардың бос уақытын қамту мақсатында қаламыздың спорттың балалар жастар орталығы аударыспақ ойынын өткізді. Оған 10-15 жас аралығындағы балалар қатысты.

Дархан Есенкелді облыстық турнирге Баянауыл ауданы Жұмат Шанин ауылынан келді. Ат спортына  10 жасынан бастап қызығушылық танытып, бала кезінен ат әбзелдерін ұстаған.  Бүгінгі ат үстіндегі аламан шайқасқа қатысып, жүлделі орынға ие болды.

Дархан Есенкелді, қатысушы (Баянауыл ауданы):

Біріншіден әкем үйреткен атқа мінуді. Ары қарай өзім жалғасып кеттім. Азарт, көкпар ойындарында, бәйгеде азарт болады. Сондықтан атқа мінгенді өте жақсы ұнатамын. Бүгінгі турнирда жеңіске жеткеніме өте қуанышты болып отырмын. Жақсы көңіл күймен қайтамын үйге.

Ат спортына тек қана ауыл балалары қызығушылық танытпайды. Қала тұрғыны Абдулла Қали ұлттық ойындарға үнемі қатысады.

Абдулла Қали, қатысушы (Павлодар қаласы):

Мен ат спортына 6 сынаптан бастап жаттығып жүрмін. Осы бүгін аударыспақ жарысына келіп тұрмыз. Міне финалға шықтым. Бірінші орынға таласымн енді. Алла жазса тамыз айында болатын Қазақстан чемпионатына дайындық бастадық.

Аударыспақ ойыны – төзімділікті, ептілік пен батылдықты талап ететін тартысты ойын. Басты мақсат ат үстінен 5 минут ішінде қарсыласын жерге жығу. Бүгінгі өткен аламанғ өңіріміздің Баянауылдың Жосалы ауылынан, Ақсу қаласының  Қызылжар мен  Шарбақты ауданындағы Есілбайдан,  Екібастұздың Ақкөл ауылынан командалар келді. Барлығы 40 бозбала қатысты.

Жасұлан Әлиев, ат спортының жаттықтырушысы:

Біз ұлттық спортқа балаларды тәрбиелеп, ұлттық рухымызды көтеріп дәл осы жастарға жетпейді деп ойлаймыз. Сондықтан өткізіп жатырмыз. Қазір 5-6 жыл болды Павлодар өңірінде қарқынды дамып келе жатыр. Павлодар өңірінде қазір Қазақстанның чемпионатта жүлдеге ілініп жүрген балалар бар.

Ауыл мен қаладан келген қатысушылар арасында жеңімпаздар анықталды. Барлығы ұйымдастырушылар атынан алғыс хаттар мен кубоктарға қол жеткізді. Осы сынды турнирлер алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...