ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Қыздар арасында волейбол өтті

21:39, 29 қараша 2021

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қаламыздағы №37 жалпы орта білім беру мектебінде қыздар арасында волейболдан жарыс өтті. Оған 8 команда қатысты. Тартысты ойын жайлы алдағы сюжетте толығырақ.

Биыл ел тәуелсіздігіне 30 жыл. Бұл айтулы оқиғамен шаһарымыздағы №37 жалпы орта білім беру мектебінің 5 жылдығы тұспа тұс келіп отыр. Осы датаға орай жас жеткіншектердің бос уақытын қамтамасыз ету мақсатында қыздар арасында волейболдан турнир өткізілді.

Ләйлә Жүсіпова, №37 жалпы орта білім беру мектебінің басшысы:

Бұл мектебіміз біздің жаңа, жаңа мектепте балаларды, қала оқушыларны шақырып, осындай жарыстар өткізетін дәрежеге жетіп жатыр. Мұның негізгі мақсаты құнды. Яғни, оқушыларды қосымша білім берумен өте қажет мұндай сайыстар.

Сабина Бауен, команда мүшесі:

Осындай жарыстардың жиі болып тұрғанын қалаймыз. Себебі. Өте қызықты және тартысты болып өтуде. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын.

Мұндай спорттық жарыстар жасөспірімдер арасында аса маңызды. Тіпті, спорттық шараға аудан командалары да қызығушылық білдірген.

Ботабай Қабыкен, Май ауданы жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы:

Тәжірбие алмасу ретінде, тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты. Біздің балалар осындай тәжірбиемен алмасып, өздерімен жүздесіп, кездесіп, күш сынасып, жағдай жасап жатқандарына көптен көп рахмет.

Турнирге барлығы 8 команда қатысты. Қанжығасына 1-орынды Май ауданы командасы, 2-орынды №2 мектептің спортшылары, ал,  3-орынды №37 мектептің ойыншылары иеленді.  Жеңімпаздар алғыс хатпен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 

Мөлдір Сағидолла

Тақырып бойынша материалдар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...