ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«Ертіс арландары - 2022»

08:26, 28 маусым 2022

Павлодарда бильярдтан «Ертіс арландары-2022» турнирі өтті. Облыс орталығында Қазақстанның барлық өңірінен келген тастаяқшылар мен көршілес Омбы облысының бильярд шеберлері де келді.

Туририге 50 жастан асқан спортшылар жиналды. 63 жасқа дейінгігілерден 15 команда, 63 жастан асқандардан тағы 8 команда құралған. «Ертіс арландары» сайысы жиыны 180-ге жуық спортышлын басын қосты. Тастаяқ шеберлерінің арасында Шымкент, Нұр-Сұлтан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу облыстарына келген көшбасшы шеберлер бар. Десе де ойында осал ешкім болмайды.

Қайрат Мирашев, «Әлем қырандары» бильярдшылар одағы» төрағасының орынбасары:

Ең қарт қатысушы 78 жаста. Нұр-Сұлтан қаласынан келді. Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы. Бұл спортта жас шектеуі жоқ. Денсаулығы бардың барлығы ойнайды.

Қазақстанда болатын тастаяқ туриріне омбылық шеберлер бесінше рет келіп отыр. Бастысы спорттық қарым-қатынас дейді олар. Жалпы Қазақстанда өтетін жарыстар биік дәрежеде болатындығын айтады.

Олег Гончаренко, Омбы облыстық бильярд федерациясының вице-президенті:

Біреуге балық аулаған ұнайды. Сол секілді бізге бильярд ойнаған ұнайды.  Бұл спорт көру қабілетіңді, қимыл-тірек аппаратын дамытады. Денеңді дүзейді. 

Қазақстанның әр өңірінен және Омбы облысынан келген спортшылар арасында осалы жоқ. Павлодар облысынан қатысып отырған 3 команда да жүлдеден үмітті.

Қанат Зенов, жарысқа қатысушы:

Бұйыртып Павлодар жерінде өтіп жатыр. Осымен жетінші рет. Павлодардан 3 команда қатысып отыр.

Жарыс қорытындысы бойынша Көкшетау командасы үшінші, Алматы комнадасы екінші орын иеленсе, Павлодар облсының командасы бірінші орынға қол жеткізді.

 

Жанасыл Серікбол, Мурат Абилмажит

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...