ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Әлем кубогінің жүлдегерлері

23:23, 26 қыркүйек 2021

Шаһарамыздың спортшылары тағы да жеңіспен оралды. Будапешт қаласында кикбокстан өткен әлем кубогінде облыс спортшылары ел қоржынына үш медаль салды.

Венгрия астанасы Будапешт қаласында кикбоксингтен Әлем кубогі аяқталды. Онда Павлодар облысының жоғарғы спорттық шеберлік мектебінің спортшылары ел намысын қорғады. Шара Хамзина кикбоксингтен ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Шара Хамзина, кикбокстан әлем кубогінің иегері:

Елімнің абыройын, бапкерлердің үмітін ақтап келген үлкен мақтаныш деп ойлаймын. Жеңіспен оралғаныма мақтанымын. Оңай болған жоқ шыныменде, екі жекпе-жек өткіздім. Жартылай финал және финал. Екі қарсыласымда мықты болды, тең өнер көрсеттік, бірақ 3-раунд басым түсіп жеңіске жеттім.

Ұлттық құрама шебінде өнер көрсеткен Павлодарлық спортшылар дайындық кезінде еш қиындық туындамағанын айтады. Бұл жарысқа толығымен дайын болған.

Бас бапкер Серік Қанапиянов шәкірттерінің жеңісіне қуанышты екенін жеткізді. Бұл жеңіспен тоқтап қалмай, ары қарай жұмыс істейміз дейді.

Серік Қанапиянов, бас бапкер:

Жаз бойы дайындық жасады, демалған жоқ. Жазда Ташкент қаласына жарысқа барып келді. Семей қаласында оқу жаттығуларын өтіп келді. Шараға әлі демалыс жоқ, алдағы уақытта Әлем чемпионатына дайындық бар.

Қазақстан құрамасының қатарында 40-қа жуық спортшы өнер көрсеткен. Оның 12-сі алтын иеленген. Айта кетейік, Будапешттегі жарыс 26-шы Әлем кубогі болды. Бәсекеге 45 елден 3 мыңнан астам спортшы қатысты.

 

Құдайберген Бердімұрат

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
18:45, 19 қараша 2021
Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
Толығырақ...
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
18:34, 19 қараша 2021
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...