ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Әбілқайыр Сқақов Павлодарлық боксшы қыздарды жеңісімен құттықтады

21:33, 8 қыркүйек 2021

Павлодар облысының әкімі жастар арасында өткен Азия чемпионатында алтын және қола медальдерді жеңіп алған Милана Аюповамен және Хава Балкоевамен кездесіп, олардың осы спорт саласындағы жоспарлары туралы сұрап білді.

Аймақ басшысы Павлодар облысының тарихында боксшы қыздар халықаралық аренада тұңғыш рет осындай зор табыстарға қол жеткізгенін атап өтті. Ол боксшы қыздар спорттағы жолдарын жалғастырып, әлі де талай рет дүбірлі додаларда жеңістерге жететініне үміт білдірді.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Сіздер біздің өңіріміздегі ең батыл қыздары екендеріңіз даусыз. Боксқа ер азаматтардың өздері тайсақтап барады. Мұндай ірі жарыстардағы жеңістер спортшылардың рухын шыңдай түседі. Әрі қарай жаттыға түссеңіздер, бұдан да үлкен жеңістерге жетесіздер деп ойлаймын. Жеңіске деген жігерлеріңіз бен ұмтылыстарыңыз бар, сіздерге тек қана сәттілік тілеймін.

Жастар арасындағы Азия чемпионаты 20-30 тамыз аралығында Дубайда өткен еді. Жарысқа он бес елдің атлеттері қатысты. Милана Аюпова 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тақса, Хава Балкоева 52 келіге дейінгі салмақта қола медальге қол жеткізді.

Милана Аюпова, бокстан жастар арасындағы Азия чемпионы:

Азия чемпионатында осындай қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Біз бұнымен тоқтамаймыз. Қаламызға, елімізге алтын медаль әкелеміз.

Хава Балкоева, бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері:

Әрине, бұл мен қалаған нәрсе емес. Өз жеңісіне сенімді болдым. Жартылай финалға мені жібермеді. Бірақ та мен алдағы уақытта одан да жақсы нәтиже көрсететініме сенемін.

Әбілқайыр Сқақов спортшы қыздардың жаттықтырушысы Қырықбаев Маратты да құттықтады. Ол облыстың бокстан құрамасы ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатына дайындалып жатқанын айтты.

Марат Қырықбаев, жаттықтырушы:

Биыл Қазақстан чемпионаты болады. Қыздар қатысады. Трымысамыз, дайындаламыз.

Сонымен қатар, павлодарлық боксшылар өздері үшін 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алуға мақсат қойғанын айтты.

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
18:45, 19 қараша 2021
Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
Толығырақ...
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
18:34, 19 қараша 2021
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...