ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Dala kokjaldary

20:26, 8 қазан 2021

Павлодар қаласының іргесінде алғаш рет балалар және жасөспірімдер арасында жартылай кәсіби спорт дәрежесі бойынша Республикалық дода өтті. Аталмыш жарысқа, еліміздің 8 аймағынан жас спортшылар жиналған. Толығырақ тілшіміз Құдайберген Бердімұрат тарқатсын.

ТМД елдерінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы жартылай кәсіби спорт дәрежесіндегі шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Елдегі ахуалға байланысты барлық санитарлық шектеулер сақталып, ережеге сай өтті.

Жарқынбек Амантай, Павлодар облыстық жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының президенті:

Гранд при «Дала көкжалдары-2» деген шара бұрыннан бастау алған жарыстың жалғасы деп айтсақ болады. ТМД-да балалар мен жасөспірімдер арасында жартылай кәсіпқой жекпе-жек өтпеген. Алғашқы пилоттық жоба, өте сәтті шығып жатыр деп ойлаймыз.

Бұл жоба алдыңғы жылы өз бастауын алған. Індеттің індеп кетуіне байланысты тоқтатылыпты. Жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының өңір спортшыларына артар үміті мен сенімі мол.

Құдайберген Бердімұрат, тілші:

Ұлттық жекпе-жек федерациясының ұйымдастыруымен бұл жоба алғашқы рет өтуде. Аталмыш шараға еліміздің түкпір-түкпірінен жас өрендер бақ сынасуға жиналған.

Жас спортшылар, бақытты балалық шағын спорт пен жаттығуларға арнап, еңбек пен тер арасында жүргені ертеңгі ел үмітінің ақталар белгісі.

Жарқынбек Амантай, Павлодар облыстық жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының президенті:

Бірнеше өңірден, республикамыздың жас спортшылары келіп отыр. Пандемия жағдайында қалып, демалып қалған спортшыларға үлкен серпін болайын деп тұр бол. Бұқаралық спортты дамыту ел Президентінің тапсырмасы, сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек.

Көздерінен от жанып тұрған жастардан спортқа деген талпыныстары байқалады. Жекпе-жекке еліміздің түкпір-түкіпірінен 20-дан астам жеткіншек қатысты.

 

Құдайберген Бердімұрат

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
18:45, 19 қараша 2021
Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
Толығырақ...
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
18:34, 19 қараша 2021
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...