
Нұр-Сұлтан қаласында түрлі жанрдағы халықаралық «Арте Италияна» байқауы өтті. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту аясында ұйымдастырылған фестивальге Павлодардан жас бишілер қатысып, облыс намысын қорғап келді.
Сахна төрінде өнерлерін көрсетіп жатқан бұл би тобы сайыстың ең жас қатысушылары. 4 жастан енді асқан балалар халықаралық байқауда жүлделі орын алды.
Құралай Байғожина, хореограф:
Біздің үйірменің ең жас қатысушылары ел бойынша жалғыз болып өнер көрсетті. Әділқазы алқасының мүшесінде Италия елінің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, біздің мемлекетіміздің мәдениет саласының үздіктері мен атақты хореграфтар болды. Номинациялар бойынша емес, жас ерекшеліктерімен бағаланды. Біз сайыстан дипломат, лауреат атанып келдік.
Халықаралық байқауда жиыны 50 бала болатын бишілер тобы әділқазыларға 18 нөмір ұсынды. Олардың қатарында түрлі жарыстардың жеңімпазы Таисия Сучкова да бар.
Таисия Сучкова, биші:
Мен 5 жасымнан би үйірмесіне қатысамын. Біз Нұр-сұлтан қаласында өткен халықаралық байқауға қатысып, біздің топ жеңімпаз атанды. Мен жарыстан мол әсер алдым.
Би мектебі хореоргрфия, хип-хоп, акробатика, стрейчинг және классикалық хореография бойынша оқытады. Бір айта кетерлігі, «Арте Италияна» байқауы Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының қолауымен, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды.
Әйгерім Тоқпанқызы