ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

АТ ҮЙІРМЕСІ ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ

20:06, 6 мамыр 2021

2020 жылдың сәуір айында орталық ипподромда ат спортынан үйірме ашылған еді. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында басталған жоба шеңберінде бүгінде жас шабандоздар облыстық республикалық жарыстарға қатысып жүр. Көктемнің жайма шуақ күнінде ат жалында ойнаған боз балалар шеберлік сағаттарын көрсетті.

Бұл ат үстіндегі дарабоздар осыдан тура бір жыл бұрын атқа міну түгілі жақындаудан қорқатын. Қазір қанатын кеңге жайып, еркін отыруды меңгерген.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Бұл жерде 14 ат бар. Балалар ат спортының 3 түрі бойынша шынығады. Аударыспақ, көкпар, сонымен қатар жамбы ату. Қазіргі таңда жетістіктері де бар екен.

Айбар Қабдіровты бұл жерге досы ертіп келіпті. Әйтпесе, атқа жақындап көрген жоқпын,-дейді. 

Айбар Қабдіров, шабандоз:

Өзім келген жоқпын мен досыммен келдім. Мені шақырды. Қызығып келдім. Келген соң бірінші осы атқа міндім. Жақсы әсерде болдым. Мінгім келді, үйренгім келді.

Аталмыш үйірме тура бір жыл бұрын Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ашылған болатын. Бүгінде бұл жерде 9 бен 23-жас аралығындағы 50-ге жуық бала тәрбиеленеді. Облыстық жобалық кеңсе мамандарының сөзінше, ат спортына облыс бойынша жан-жақты көңіл бөлініп жатса керек.

Нұрия Көбенова, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы:

Былтырғы жылы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 3 үйірме ашылған болатын. Аударыспақ, көкпар және жамбы ату. Осындай тамаша үйірмелер біздің Павлодар қаласында ашылып, балаларға тегін үйретіп жатыр. атқа міну дәстүрін, ұлттық спорт ойындарды насихаттау мақсатымен осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр. және де РЖ бағдарламасы аясында жас шабандоз ұлттық дәстүрді жаңғырту Аққулы ауданында да жас шабандоз жобасы іске асырылып жатыр.

Бұл жерде ұл балармен қатар, қыздар да шынығады. Жаттығу жұмыстары аптасына 3 рет 1,5 сағаттан өткізіледі. Қазіргі таңда елдегі ахуалға байланысты балаларды топ-топқа бөліп күнделікті дайындаламыз,-дейді ат спортының аға жаттықтырушысы Жасұлан Әлиев. Айта кету керек, жерлестеріміз тазар қаласына барып аударыспақ пен көкпардан жүлделі орындарды қоржынға салып келген болатын.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
18:45, 19 қараша 2021
Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтуде
Толығырақ...
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
18:34, 19 қараша 2021
Облыс әкімі «Ақсу» ойыншыларын құттықтады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...